01.09.2009, 17:37 2662

Ұлыбритания сыртқы істер министрі орынбасарының Қазақстанға сапары барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жайы талқыланады

Ұлыбритания сыртқы істер министрі орынбасарының Қазақстанға сапары барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жайы талқыланады

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлыбритания сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасары, баронесса Гленнис Киннок бастаған делегацияның Қазақстанға сапары 6-9 қыркүйекке жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сапар барысында Г.Киннок еліміздің ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, онда Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету, сондай-ақ көп жақты құрылымдар шеңберінде екі жақты ықпалдастық мәселелері бойынша Қазақстан жағымен пікір алмаспақ",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны