25.02.2011, 13:38 4661

Усама бен Ладен мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекеттер жасамауға шақырады

Усама бен Ладен мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекеттер жасамауға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - Усама бен Ладен мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекеттер жасамауға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ил-Каеда" лаңкестік ұйымының жетекшісі бейбіт мұсылмандар құрбан болатын жағдайда лаңкестік әрекеттер жасамауға шақырды. "№1 лаңкестің" сөзін оның жақын жақтасы аз-Завахри мәлім еткен.

Ол сондай-ақ, Александриядағы (Мысыр) хрестиандар шіркеуінің маңында болған лаңкестік әрекетке "Ил-Каеда" сарбаздарының еш қатысы жоқ екендігін мәлім еткен.

Естеріңізге сала кетсек, кеше кешкісін Муаммар Каддафидің әл-Завия қаласы тұрғындарына жолдаған үндеуі жергілікті телеарналардан көрсетілген болатын. Каддафи Ливиядағы барлық қақтығыстарға "әл-Каеда" ұйымы мен жергілікті жастар кінәлі деп мәлім еткен болатын.

Оның сөзіне қарағанда, Бен Ладеннің жақтастары жастарды есірткі мен ішімдікке тартуда, соның салдарынан жастар заңға қарама-қайшы әрекеттерге барып отыр. Каддафи сондай-ақ, қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Куәгерлердің айтуынша, әл-Завия қаласында үкіметке қарсы шерушілер жиналған мешітті үкімет әскерінің басып алуы кезінде 10 адам қаза тапқан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Каддафи Триполи мен елдің батысындағы бірнеше ауданды ғана өз бақылауында ұстап отыр. Ливияның шығыс бөлігі оппозицияның қолында. Шет аймақтағы қалаларда қақтығыстар әлі жалғасуда. Түрлі мәліметтерге қарағанда, Ливиядағы қақтығыстар барысында қаза тапқандар саны екі мың адамға дейін жетуі мүмкін. АҚШ президенті Барак Обама Франция президенті Николя Саркозимен, Ұлыбритания және Италия премьер-министрлері Дэвид Кэмерон және Сильвио Берлусконимен телефон арқылы сөйлесіп, Ливиядағы жағдайды талқылады. Ақ Үй өкілінің айтуынша, олар Ливия басшылығын жауапқа тарту мен елге қайырымдылық көмек көрсету жолдарын қарастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны