19.06.2008, 14:25 1183

Изербайжан президенті Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

Изербайжан президенті Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

Баку. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан президенті Ильхам Илиев кеше, 18 маусымда Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Изербайжан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салаларда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастық та екі ел арасындағы байланысты кеңейтуге үлес қосатынын атап көрсетті", -деп хабарлайды әкімшілік.

Сондай-ақ, Қ. Тоқаевтың осы жолғы Изербайжанға сапары Изербайжан-Қазақстан қарым-қатынасын нығайтуға қызмет ететіндігіне сенімділік айтылды.

Айта кету керек, Қазақстан парламенті сенатының спикері Бакуге Изербайжан парламенті - милли меджилистің 90 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін келген, бұл салтанат бүгін өтеді. Шараға 200 жуық шетелдік қонақтар, соның ішінде түрлі елдер парламенттерінің жетекшілері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны