29.03.2007, 14:18 3022

Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының бірінші жалпы отырысына мәжіліс төрағасы бастаған өкілдер қатысады

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының 30-наурызда Санкт-Петербург қаласында өтетін бірінші жалпы отырысына мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған өкілдер қатысады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Палатаның баспасөз қызметінен хабарлауынша, Парламенттік ассамблеясының бірінші жалпы отырысында оның төрағасы сайланып, Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясы туралы уақытша ереже бекітіледі. Сонымен бірге күн тәртібіне сәйкес, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі, саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі, құқықтық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылады. Кездесуге қатысушылар халықаралық қарым-қатынасқа қатысты кейбір мәселелерді де талқылайды.

Сонымен бірге Қазақстан парламентінің делегациясы бүгін Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық ассамблеясының қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісіне қатысады. Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясы туралы уақытша ереженің жобасына қатысты ескертулер мен ұсыныстар одан әрі талқыланады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясын құру туралы шешім 2006-жылдың 16-қарашасында ТМД Парламентаралық ассамблеясы мүшелерінің отырысында қабылданған. Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясы ұйым шеңберіндегі әскери-саяси интеграциялану процессін одан әрі дамыту және ұйымға мүше елдердің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнамаларын үйлестіру және жақындату, келісу саласындағы тәжірибелік жұмыстарды дамыту үшін құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны