25.07.2008, 17:56 2939

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер жаңа әскери құрылым құрмақ ниетте

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер жаңа әскери құрылым құрмақ ниетте

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Чехия мен Польша аумағында АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері элементтерінің орнатылуына жауап ретінде жаңа әскери құрылым құрмақ ниетте. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі РосБизнесКонсалтинг (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен достық және стратегиялық байланыстар орнатпақшы.

Еске сала кетейік, ҰҚШҰ-ына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны