19.09.2007, 16:56 2741

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысы Бішкекте өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысы Бішкекте өтеді.

Бішкек. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысы Бішкекте өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің әкімшілігіне сілтеме жасап.

"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысы 2007 жылдың 20 қыркүйегінде Бішкекте мемлекеттік "Ала-Арча" резиденциясында өтеді", - деп хабарлайды әкімшіліктегілер.

Отырыс барысында құжаттар топтамасын келісу межеленген. Атап айтсақ, бітімгершілік іс-қызмет жөніндегі келісім, ұжымдық бітімгершілік күштері жөніндегі ережелер, бітімгершілік операцияларға дайындықты жауаптанған оперативтік жұмыс тобы туралы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік миссиясы туралы ережелер қаралады.

Отырысқа қатысушылар, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің арнаулы қызметтері мен құқық қорғау органдары басшыларының антитеррорлық комитетін құру, төтенше жағдайлар жөніндегі және заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының жетекшілерінің үйлестіру кеңесін құру мәселелерін талқылайды.

Сонымен бірге, отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің арнаулы қызметтері мен құқық қорғау органдарын жабдықтау үшін арнаулы техника мен арнаулы құралдарды жеңілдетілген шарттармен сату жөніндегі келісімдердің жобасын саралау межеленген.

Отырыс соңында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны