27.03.2008, 18:30 2859

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы күзде Бішкекте өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы күзде Бішкекте өтеді

Бішкек. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы күзде Бішкекте өтеді, деп хабарлайды агенттік Қырғызстан төтенше жағдайлар министрі Камчыбек Ташиевке сілтеме жасап.

"Мұндай шешім Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің төтенше жағдайлар жөніндегі мекемелері басшыларының Мәскеуде өткен ұйымдастыру кеңесінің нәтижесі бойынша қабылданды, кеңесті осы ұйым құрып отыр. Бұл кеңесті басқару алдағы бір жылға маған жүктелді, өйткені, ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық жасаушы мемлекеттің өкіліне жүктелуге тиіс", -деді К. Ташиев.

Оның айтуынша, бұл кеңес осы мәселемен айналысатын ТМД және басқа да халықаралық құрылымдар мен халықаралық бірлестіктермен жақын байланыс орнатпақшы. Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысының күн тәртібіне төтенше жағдайларға жауап қатудың ұжымдық жүйесін құру мәселелері енгізіліп, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдерде техногендік апаттар мен зілзалалар туындаған жағдайда өзара көмек көрсету мен ықпалдастық жасаудың басты бағыттары айқындалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны