28.08.2006, 18:45 3040

Жапония үкімет басшысының сапары аясында екі құжатқа қол қойылды

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Жапония үкімет басшысының елімізге сапары аясында екі құжатқа қол қойылды, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, Қазақстан-Жапония келіссөздерінің нәтижесінде президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония үкімет басшысы Дзюнъитиро Коидзуми Қазақстан мен Жапонияның арасындағы достық, серіктестік және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Сонымен бірге, Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұханбетов пен Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тэцуо Ито Қазақстан мен Жапония үкіметтерінің арасында атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы меморандумға қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны