21.05.2026, 18:09 10696

Қазақстан мен Pfizer денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Pfizer денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың "Пфайзер Қазақстан" ЖШС Бас директоры, Pfizer компаниясының Қазақстан, Орталық Азия елдері, Кавказ және Моңғолия (CauCAR) бойынша субкластерінің басшысы Дмитрий Козенковпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.

Тараптар Pfizer компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Министрдің бірінші орынбасары Pfizer компаниясы Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы негізгі халықаралық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты медициналық саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін болжамды әрі қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Тараптар ынтымақтастықты дамыту және заманауи медициналық шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша конструктивті өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны