Астанада үстел теннисінен әлем чемпионатының ресми таныстырылымы өтеді
Сурет: depositphotos.com
2026 жылғы 20 мамырда Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты - ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 турнирінің ресми таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды чемпионаттың баспасөз қызметінен.
Іс-шара ADD Table Tennis Center Astana орталығында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, спорт қауымдастығы, бизнес, туризм саласы және креативті индустрия өкілдері қатысады.
Аталған таныстырылым Қазақстанның Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) қолдауымен өтетін әлем чемпионатын қабылдауға дайындық жөніндегі халықаралық науқанның ресми бастауына айналып, Астананың ірі халықаралық спорттық және іскерлік іс-шараларды өткізуге арналған заманауи алаң ретіндегі мәртебесін айқындай түседі.
Бағдарлама аясында Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын таныстыру, Astana 2027 ресми бейнеролигінің көрсетілімі, турнир тұжырымдамасының таныстырылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы басшылығы мен чемпионатты ұйымдастыру комитеті өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.
Сонымен қатар, қонақтарға болашақ демеушілік және туристік бағдарламалар, қолөнершілер мен креативті индустрия өкілдерін тартуға бағытталған бастамалар, сондай-ақ чемпионаттың ресми маскоттарын әзірлеу бойынша байқау туралы ақпарат ұсынылады. Іс-шара қатысушылары үшін үстел теннисі бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 турнирін өткізу халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға, оқиғалық туризмді ілгерілетуге және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға маңызды серпін береді.
Өтетін күні: 2026 жылғы 20 мамыр
Уақыты: 14:00-15:00 - Қонақтарды қарсы алу, шеберлік сабақтарының көрсетілімі, кофе-брейк 15:00-16:00 - Іс-шараның ресми бағдарламасы
Өтетін орны: ADD Table Tennis Center Astana, Қабанбай батыр даңғылы, 47/1 Қатысушылар саны: 150 адам
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

