16.01.2026, 18:46 1861

Қазақстан мен Сербия: серіктестік ынтымақтастық басты назарда

Қазақстан мен Сербия: серіктестік ынтымақтастық басты назарда
Сурет: gov.kz
Қазақстан мен Сербия арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов және Ұлттық жергілікті экономикалық даму альянсының (NALED) атқарушы директоры, сонымен қатар, Сербиядағы "Etno mreža" этномәдени ұйымының негізін қалаушы Виолета Йованович кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында В.Йованович Қазақстан Елшісін NALED ұйымының қызметімен таныстырды. Аталған ұйым Сербияда кәсіпкерліктің ахуалын жақсартуға, тұрақты экономикалық дамуға және шетелдік инвестицияларды қолдауға ықпал етеді.

М.Атамқұлов Қазақстан мен Сербия арасындағы іскерлік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің сауда, инвестиция және инновациялар саласында өзара тиімді ынтымақтастық әлеуетіне ие екенін айтты.

Сонымен қатар В.Йованович "Etno mreža" этномәдени ұйымының қызметімен таныстырды. Ол ұлттық дәстүрлер мен мәдени бірегейлікті бейнелейтін дәстүрлі өнімдерді ілгерілетуге бағытталған.

Кездесу барысында тараптар Сербия мен Қазақстан арасындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, мәдени ынтымақтастықты дамыту және мәдени мұраны сақтауға үлес қосатын жобаларды талқылады.

Қазақ дипломаты Қазақстанның Сербиямен экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын атап өтіп, екі ел арасындағы кәсіпкерлік ахуалын жақсарту, инвестицияларды қолдау және екіжақты байланысты нығайтуға бағытталған жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық ниетін жеткізді.

Тараптар аталған диалогты жалғастыруға және болашақта бірлескен бастамалар аясында ынтымақтастықтың нақты нысандарын қарастыруға дайындықтарын растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны