24.01.2026, 13:34 12011
Қазақстан СІМ-де "БҰҰ-әйелдер" кеңсесінің жаңа басшысымен гендерлік теңдік мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-әйелдер құрылымының Қазақстандағы елдік офисінің жаңа басшысы, Орталық Азия елдері бойынша БҰҰ-әйелдер құрылымының үйлестірушісі Джерен Гюресті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерімен байланысты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ БҰҰ реформасы мен оның рөлін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Қазақ дипломаты Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге берік ұстанымын атап өтіп, алдағы парламенттік реформа аясында әйелдерге, жастарға және ерекше өмірлік қажеттіліктері бар адамдарға арналған 30 пайыздық квотаның сақталатынын хабарлады.
Е.Ашықбаев сондай-ақ Қазақстанда гендерлік күн тәртібін ілгерілету үшін мүмкіндіктер бар екенін, соның ішінде Алматы қаласында орналасқан БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі аясында, ол ұлттық және өңірлік деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруге және бірлескен бастамаларды іске асыруға арналған алаң екенін атап өтті.
Д.Гюрес ҚР Үкіметінің әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық келісімдердің негізгі ережелерін іске асыру жөніндегі белсенді жұмысын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық және ұлттық күн тәртібінің басым бағыттары бойынша серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.06.2026, 10:19 6681
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2026, 16:06 67056
Қазақстан Бледтегі Халықаралық су форумында су саласындағы бастамаларын ілгерілетуде
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев "Су және көгілдір экономика - су ресурстары саласындағы жаңа стратегиялар" тақырыбында өткен 11-ші Блед халықаралық су форумына (BWF) қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форум Словения Президентінің жұбайы, BWF Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алеш Мусар мен Литваның бірінші ханымы Диана Науседененің қатысуымен өтті. Жиынға 60-тан астам елдің, соның ішінде ЕО мемлекеттерінің, Орталық және Шығыс Еуропа, Балқан аймағы, Кавказ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің, Сингапурдың бейінді агенттіктерінің сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және басқа да халықаралық ұйымдардың, ғылыми институттар мен жеке сектордың өкілдері жиналды. Форум өзінің инновациялық тәсілдері үшін халықаралық марапаттар мен сыйлықтарға ие болып, лайықты танымалдылыққа ие болған.
Қазақстан Елшісі қатысушыларға арнаған сөзінде осы жылдың сәуір айында Астанада Орталық Азия, Кавказ мемлекеттері басшыларының және халықаралық серіктестердің қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық саммиттің негізгі қорытындылары туралы айтып, бүгінгі таңда су мәселесі аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі элементі екенін атап өтті.
Алтай Әбибуллаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына және Саммит аясында өткен халықаралық консультациялардың бірінші кезеңінің қорытындыларына ерекше назар аударды. Бұл қадамдар жаһандық үйлестіруді күшейтуге, халықаралық су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, бытыраңқылықты жоюға және Әбу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның 2026 жылғы су жөніндегі конференциясына дайындық аясында неғұрлым үйлесімді әрі нәтижелі су күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған.
Форумға қатысу ұлттық және аймақтық су күн тәртібін, Қазақстанның мамандандырылған су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілетудегі, сондай-ақ халықаралық серіктестермен су ресурстары саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты талқылаудағы маңызды қадам болды.
Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы Форумның барлық қатысушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды және іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Блед халықаралық су форумының Сарапшылар кеңесінің құрамына ресми түрде шақырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2026, 15:30 67521
Бакуде ТМҰ мүше мемлекеттері ұлттық банктері кеңесінің екінші отырысы өтті
Сурет: cbar.az
Достарға айту
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері кеңесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және ТМҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменовтің атынан отырыс қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, түркі мемлекеттерінің орталық банк ісі саласындағы ынтымақтастығына жоғары баға берді. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері Кеңес мүшелерін еліміздің негізгі ақша-кредиттік реттеушісінің ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:52 105686
Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Молдова астанасында Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесі кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты іс-шараға Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабуга (екіжақты үкіметаралық комиссияның тең төрағасы), бейінді министрліктер мен ведомстволардың, жетекші іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, Парламент депутаттары, сондай-ақ қазақстандық және молдовалық компаниялардың басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, кеңсенің ашылуы экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды кеңейту үшін қосымша институционалдық алаң болатынын жеткізді. Сонымен бірге, Елші Кеңес жүйелі ынтымақтастықты орнатуға және іскерлік бастамаларды қолдаудың тиімді тетіктерін жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
МР Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Л.Катлабуга қатысушыларды құттықтап, жаңа платформаның аграрлық сектор үшін стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Ол Қазақстанды Молдова үшін перспективалы әрі ауқымды нарық деп атап, өзара тауар жеткізуді арттыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы озық технологиялармен алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Министр бұл Кеңестің екі елдің бизнесі үшін сенімді көпір болатынына сенім білдірді.
Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесінің төрағасы Тұңғат Әбілқасымов жаңа құрылымның практикалық міндеттерін айқындады. Ол кеңсенің басты мақсаты - ынтымақтастық әлеуетін нақты келісімшарттар жазықтығына көшіру екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Кеңестің кедергілерді азайту және бірлескен кәсіпорындарды іске қосуды жеделдету үшін барынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Ашылу рәсімі аясында қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті егжей-тегжейлі таныстырылды. Іскерлік топтардың өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады, ал іс-шара бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:32 99096
Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі - Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:11 106821
Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты
Достарға айту
Қазақстанның Жапонияағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Токио губернаторы Юрико Коикемен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында Ю.Койке жуырда Астанаға жасаған сапары шеңберінде оған көрсеткен жылы қабылдауы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан астанасының жаңғыруы мен қарқынды өсуінің әсерлі серпінін атап өтті. Тараптар инновацияға, цифрлық трансформацияға және "жасыл" энергетикаға деген өзара мүдделілік екі қаланың бизнесі мен институционалдық әріптестігі үшін жаңа көкжиектер ашады.
Жапон саясаткері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауымдастықтағы рөлін жоғары бағалап, жапон тарапының Астанамен барлық негізгі салаларда стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір екенін мәлімдеді.
Елші жапон саясаткерін көптеген жылдар бойы Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын нығайтуға дәйекті ықпал етіп келе жатқан Қазақстанның мейірімді досы деп атады. Сондай-ақ, ол Токио мен Астана арасындағы ынтымақтастықты жандандыру Мемлекет басшысының 2025 ж. желтоқсандағы Жапонияға жасалған ресми сапарының практикалық нәтижелерінің бірі болғанынна тоқталды.
2025 ж. желтоқсанда қол қойылған Астана мен Токио арасындағы цифрлық даму және қала орнықтылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум қалалық ортаның сапасы мен басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатындығы ерекше аталып өтті.
Сондай-ақ Жапония астанасы үкіметінің басшысы еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай Қазақстан Республикасының туын көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 16:15 109286
Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Roca Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Компаниялар тобы санитарлық-техникалық өнімдерді өндірумен айналысады. Компания ванна, санитарлық керамика, душ науалары, крандар, аксессуарлар және жиһазды қоса алғанда, жуынатын бөлме өнімдерінің толық спектрін шығарады.
Жоба сантехникалық бұйымдар мен жуынатын бөлме аксессуарларын шығаратын және құрастыратын елдегі алғашқы зауыт болмақ.
Қызылорда қаласындағы зауыттың іргетасы жақында қаланды. Жоспарланған инвестиция көлемі 44,1 млрд теңгені құрайды, өндірістік қуаты 500 000 бірлікке жетеді. Шамамен 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.
Кездесу барысында тараптар жобаның ағымдағы жағдайы мен одан әрі жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Ғабидулла Оспанқұлов салық жеңілдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы айтты.
Келіссөздерден кейін қатысушылар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға деген міндеттемелерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 11:10 119106
Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиевтің Конго Республикасына сапары барысында үкімет мүшелерімен және іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда Конго сыртқы саяси ведомствоның басшысы Констан-Серж Бундамен, Телекоммуникация және цифрлық экономика министрі Нгема Нземен, Қаржы және бюджет министрі Кристиан Йокамен және Ұлттық қорғаныс министрлігінің Стратегиялық мәселелер және әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Жан Эме Инюмбамен келіссөздер орын алды.
Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникация, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар және банк ісі саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері Конго Республикасының ерекше қызығушылығын тудырды. Браззавиль Орталық Африканың бүкіл аймағы үшін Қазақстаннан астық пен тыңайтқыштар импорттау мүмкіндіктерін зерделеуде. Сондай-ақ конголездік жастарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқуға жіберу туралы тілек білдірілді.
Браззавиль Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдайды. Сыртқы істер министрі К.-С.Бунда су қауіпсіздігі тақырыбы барлық елдер үшін, әсіресе Африка үшін өте маңызды мәселе екенін атап өтті.
Қазақстан Елшісінің Конго Республикасына сапары конголездік бизнестің жетекші өкілдерінің бірі, көпсалалы компанияның Бас директоры Серж Муйимен өткен кездесумен аяқталды. Туризм және сауда салаларындағы, атап айтқанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберіндегі бизнес-ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Барлық сұхбаттасушылар екі елдің стратегиялық маңызды географиялық жағдайы бар екенін және аймақтық хабтар болып табылатынын, оларды Орта дәліз және Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алатынын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.06.2026, 10:19Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады 08.06.2026, 11:23 3516Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды08.06.2026, 12:18 1261Түркістан облысының прокуроры тағайындалды08.06.2026, 09:16 731ҚР ІІМ: Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды08.06.2026, 14:22 576Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті
05.06.2026, 11:10 118411Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады05.06.2026, 10:50 115591ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды05.06.2026, 16:15 108591Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 17:11 106126Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 17:52 104991Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
13.05.2026, 07:10 289506Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277206Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250711Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243636Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243011Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

