20.01.2026, 22:18 5866

Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті

Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті
Сурет: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі Шымкент полиция департаментінде кадрлық шешімдер қабылданғанын мәлім етті. Бұл шешімдер 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін қабылданды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм қыздың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс шеңберінде жедел ден қоймау және уақтылы шаралар қабылдамау бойынша барлық дәйектер жан-жақты тексерілетін болады.

Тергеу қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша басқарушылық жауапкершілік негізінде тәртіптік шаралар қабылданды. Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды",- делінген ведомство хабарламасында.


ІІМ заңды бұзуға ықпал ететін кез келген фактілерге, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністеріне қатысты нық принципті ұстанады.

Министрлік мәлім еткендей, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы ІІМ бақылауында. Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны