04.03.2026, 14:31 2521

Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды

Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен дәстүрлі қолөнер шеберлері Үндістанда "39-шы Сураджкунд халықаралық қолөнер фестиваліне" қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Фестивальдің концерттік бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әртістері ұлттық дәстүрге негізделген ән мен би өнерін ұсынды.

Сонымен қатар қазақ шеберлері дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларын таныстырған қазақстандық экспозиция ұйымдастырылды. Көрме қонақтары ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып, дәстүрлі өнердің ерекшеліктерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Фестивальге келушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен жақынырақ танысып, ұлттық мәдениеттің мазмұны мен мәнін тереңірек сезінді.

Аталған мәдени іс-шара халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға және шығармашылық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етті.

Халықаралық қолөнер фестивалі - әлем елдерінің мәдениетін, дәстүрлі қолөнері мен өнерін таныстыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды іс-шара. Жәрмеңкеге бір миллионнан астам келуші қатысып, ерекше қолөнер бұйымдарымен, халық билерімен және түрлі мәдени бағдарламалармен танысады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны