22.01.2026, 11:31 5336
Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы - Ресми өкілі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
1984 жылы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде маман ретінде бастаған.
2009 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару методологиясы, ішкі қаржылық бақылау және бюджеттік несиелендіру департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінде үшінші хатшы қызметін атқарды. 2011-2017 жылдары Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінде екінші, бірінші хатшы лауазымдарында еңбек етті.
2017 жылы ҚР СІМ ЭКСПО-2017 Хатшылығының бірінші хатшысы, кейін ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы қызметінде жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КеАҚ Қамтамасыз ету қызметі хатшылығының басшысы, Халықаралық ынтымақтастық және климаттық инвестициялар департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2020-2023 жылдары ҚР СІМ Баспасөз қызметінде кеңесші және басшы, 2023-2025 жылдар аралығында ҚР СІМ Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болды.
ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы - Ресми өкілі болып тағайындалғанға дейін 2025 жылғы наурыз айынан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.
II сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.01.2026, 15:29 3841
Қазақстан мен Корея өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Чонджу қаласында Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов пен Корея Республикасының Чунчхонбук-до провинциясының Губернаторы Ким Ён Хванның кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін қарастырып, екіжақты байланыстар мен туристік алмасудың оң серпінін атап өтті.
Чунчонбук-до провинциясы Корея Республикасының серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады және өнеркәсіп, инновациялар мен туризм салаларында айтарлықтай әлеуетке ие. Бұл Қазақстан өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Сапар аясындағы ерекше шаралардың бірі Чонджу қаласында ұйымдастырылған, Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және қазіргі дамуына арналған фотовыставканың ресми ашылуы болды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген қазақ дипломаты мәдени бастамалардың Қазақстан мен Корея халықтары арасындағы өзара түсіністік пен жақындасуды нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызын атап өтті.
Экспозиция Қазақстан халқы ассамблеясының Достық елшісі Ким Сан-уктың шамамен 50 фотожұмысын қамтиды. Автордың объективі арқылы келушілерге қазақстандық қалалардың заманауи келбеті мен елдің бай мәдени мұрасы ұсынылған. Көрме Чонджу өнер орталығында өтіп жатыр және 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 14:27 5531
Қазақстан мен Чехия өнеркәсіп пен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Чехия Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов "TATRA" және "ZETOR" машина жасау компанияларының, сондай-ақ тау-кен жабдықтарын өндіруші "FERRIT", өнеркәсіптік жабдықтар өндіретін "ZVVZ Engineering" және ыдыстық шыны өндіруге арналған жабдықтар шығаратын "SKLOSTROJ" компанияларының өкілдерімен бірқатар алғашқы кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесулер барысында чехиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы серіктестерімен қалыптасқан ынтымақтастықты жоғары бағалап, оның дамуына қанағаттанушылық білдірді. Сондай-ақ олар Қазақстанда инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіруге бағытталған өзекті шаралар туралы ақпарат алды. Аталған реформалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы және басшылығымен іске асырылып жатқан жаңғыртудың жаңа кезеңі шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қазақ дипломаттарына компаниялар тарапынан іске асырылып жатқан жобалардың қазіргі жай-күйі, бірлескен өндірісті жолға қою және еліміздегі бірқатар өңірлерінде локализациялау перспективалары жөнінде мәлімет ұсынылды. Чех бизнесі ұсынатын заманауи технологиялар өнеркәсіптің түрлі салаларында, оның ішінде тау-кен секторында өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесулер қорытындысы бойынша Чехия өңірлерінде орналасқан аталған компаниялардың өндірістік алаңдарына барып көру, бизнес-форумдар ұйымдастыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 13:25 4226
Қазақстан СІМ-де БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілдігінің жаңадан тағайындалған басшысымен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары (БҰҰ БЖК) басқармасының Орталық Азиядағы өкілінің жаңадан тағайындалған басшысы Махир Сафарлимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын ашу бастамасы талқыланды. 2025 жылғы сәуірі айынан бастап Қазақстан төрағалық етіп келе жатқан Алматы процесін дамытуға ерекше назар аударылды.
БҰҰ өкілі Қазақстан тарапына сындарлы серіктестік пен ашық диалог үшін алғыс білдірді. Кездесуге қатысушылар көпжақты ынтымақтастықты нығайту мен тұрақты дамуды ілгерілету, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейде гуманитарлық және көші-қон мәселелерінің толыққанды шешімдерін табуда күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
2013 жылы құрылған Алматы процесі - Орталық Азияны қамтитын босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша өңірлік консультативтік платформа бола отырып, озық тәжірибелермен алмасу және көші-қон үрдістерін бақылау тетіктерін әзірлеуге ықпал етеді. 2025-2027 жылдар аралығындағы төрағалық Әзербайжаннан Қазақстанға ауысты. Қатысушы мемлекеттер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркия. ХКҰ және БҰҰ БЖК Алматы процесінің хатшылығы қызметін атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 12:16 5136
Динара Желдыбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры лауазымына тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
1996 (бакалавр) және 1998 (магистратура) жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, сондай-ақ Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесіне ие, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаментінің Ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасында референт қызметінен бастап, кейін атташе ретінде жалғастырды.
1999-2000 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік департаментінің Баспасөз қызметі бөлімінде атташе болып жұмыс істеді. 2000 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінде үшінші хатшы қызметін атқарды. 2000-2002 жылдары ҚР СІМ Экономикалық саясат департаментінде үшінші және екінші хатшы лауазымдарында болды. 2002 жылы ҚР СІМ Инвестициялар комитетінде бірінші хатшы болып қызмет етті.
2002-2003 жылдары ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында бірінші хатшы, ал 2003-2004 жылдары Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі болды. 2004-2006 жылдары ҚР СІМ Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді.
2008-2013 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінде ҚР шетелдік мекемелерінің имидждік жобаларын іске асыру басқармасының басшысы болды. 2013-2021 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021-2025 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде кеңесші болып еңбек етті.
ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметіне тағайындалғанға дейін 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 21:12 104781
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары Хорватия Парламентінде ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватия Парламентінің депутаттарын 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытындыларымен таныстырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты Құрылтай аясында Мемлекет басшысының белгілеген негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттары туралы хабарлап, Қазақстанның саяси модернизацияны тереңдету, заң үстемдігін күшейту, инклюзивті экономиканы дамыту және азаматтық диалог рөлін арттыру жолындағы бағытына берік екендігін атап көрсетті. Хорватиялық тарапқа бірпалаталы парламентке көшу, алдағы референдум өткізу, этностарды, өңірлерді және қоғамдық топтарды біріктіретін жаңа консультативтік орган құру және ұлттық бірлікті нығайту жоспары туралы ақпарат берілді.
Мемлекет басшысының көрегендігін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша парламенттік топтың жетекшісі Анджелка Салопек елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды құптап, өзара сенімділікті нығайту және тұрақты серіктестікті дамыту құралы ретінде парламенттік дипломатияның маңызды екенін баса айтты.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Хорватия арасындағы парламенттік ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сұхбат барысында парламенттік өзара әрекеттестікті әрі қарай дамыту және заң шығарушы қызмет саласындағы тәжірибе алмасуға, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика сияқты экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне; цифрлік трансформация, инновациялар және мемлекеттік басқару мен бизнесте жасанды интеллект технологияларын қолдануға; білім беру, ғылым және гуманитарлық алмасу саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінген.
Парламенттік өлшемнің артып келе жатқан рөлін және 2025 жылдың ақпанында Хорватия депутаттарының Астанаға сәтті сапарын атап өтіп, хорватиялық саясаткер Қазақстан Парламентінің депутаттарын ағымдағы жылы Қазақстан тарапы үшін ыңғайлы уақытта Загребке сапарға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 20:21 105976
Қазақстан мен Финляндия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламенті Халықаралық істер жөніндегі директоры Лаура Камраспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту маңыздылығын, бұл қазақ-фин екіжақты және өңіраралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Арнайы назар парламент мүшелерінің өзара сапарларын ұйымдастыру және парламенттік достық топтарының қызметін жандандыру перспективаларына аударылды.
Қазақ дипломаты финдық тарапты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысындағы негізгі баяндамалық бағыттарымен таныстырып, жарияланған конституциялық реформаның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, парламенттің рөлін күшейту және ұзақмерзімді саяси тұрақтылықты нығайтуға жаңа кезең ашатынын, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы негізін қалайтынын атап өтті.
Л.Камрас Қазақстандағы ішкі саяси реформаларды жоғары бағалап, олардың жүйелі және инклюзивті сипатын ерекше атап көрсетті. Ол финдік тараптың парламентаризм саласындағы тәжірибе алмасуға қызығушылығын білдіріп, практикалық өзара іс-қимылға дайын екендігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 19:12 106226
Қазақстандағы саяси реформалар Еуропа тарапынан мойындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) "Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау" (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларацияны қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құжаттың авторы - беделді британдық депутат Майкл Герман ("Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы" партиясының мүшесі). Декларацияға ЕКПА-ның әртүрлі саяси фракцияларының 21 мүшесі қол қойды. Мәлімдемеде Қазақстанның ауқымды демократиялық реформаларды іске асыруға деген өзгермес ұстанымы жоғары бағаланып, еліміздің демократиялық басқаруды дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту салаларында өңірлік көшбасшы мәртебесін бекіте түсетіні аталып өтті.
Қазақстанның саяси басшылығының демократиялық трансформацияны ілгерілету мақсатында қабылдаған маңызды қадамдарын, соның ішінде конституциялық және заңнамалық реформаларды, сондай-ақ өлім жазасын жоюын қолдады.
Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сот жүйесін реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын ілгерілету және демократиялық институттарды нығайту сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық ерекше назарға алынды. Бұл өз кезегінде, нақты нәтижелерге қол жеткізуге және Қазақстанның өңірдегі демократиялық дамудың үлгісі ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етті.
Құжат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық трансформацияны қолдауға, сондай-ақ демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 18:09 104286
Иран Қазақстанмен көлік байланыстарын дамытуға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасының Жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садегпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында әңгіме екі елді жалғайтын көлік "артерияларын" дамыту мен ортақ мүдделікті құрайтын өзге тақырыптар төңірегінде өрбіді. Бұл ретте тараптар Иран Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды және сапар қорытындысы бойынша екі ел басшылары берген тапсырмаларды іске асыру жолдарын талқылауға ерекше көңіл бөлді.
Қазақстан мен Иран қарым-қатынасында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстылық маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, тараптар "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі мен "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" темір жолы арқылы жүк және транзиттік тасымалды ұлғайту, "Қазақстан-Иран-Ирак" және "Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Армения" жаңа көлік дәліздерін ашу, екі ел порттары арасында кеме қатынасын дамыту және Шахид Раджаи мен Чабахар порттарында көлік-логистика бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін зерделеуге әзірлігін білдіріп, екіжақты байланысты жаңа деңгейге көтеруге бейілділігін растады.
Сонымен қатар, тараптар бірлескен жобаларды іске асыруды ілгерілету үшін екі елдің көлік-логистика саласына жауапты тұлғалары арасында тұрақты кездесулер өткізудің маңыздығын атап өтті.
Қазақ даласын Иранмен сабақтастыру мәселелері бірлескен үкіметаралық комиссияның Иранда өтетін кезекті отырысында қарастырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 17:59Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды 20.01.2026, 18:03 178476Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді20.01.2026, 18:14 178241Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады20.01.2026, 22:18 177836Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті21.01.2026, 10:52 177591Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі
06.01.2026, 20:48 200481Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179471Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 179386Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады20.01.2026, 17:59 178756Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды20.01.2026, 18:03 178476Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді

