22.09.2025, 19:07 10061
Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі - 368 миллион доллар, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті.
Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.12.2025, 21:22 1
Сеулде Орталық Азия елдерінің Корея Республикасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған "Кореяның өңірлік стратегиялары форумы: жаһандық серіктестікті кеңейту" атты форум Сеул қаласында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Үкімет өкілдері, жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, дипломаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан 300-ден астам қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты - жаһандық жағдайдың жылдам өзгеруі аясында Кореяның сыртқы саясатының басым бағыттарын және халықаралық әріптестікті нығайту жолдарын талқылау болды.
Форумның маңызды сессияларының бірі Корея Республикасының Орталық Азиямен өзара іс-қимылына арналды. Корея СІМ Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия істері бюросы Бас директорының орынбасары Нам Джин Орталық Азия Кореяның сыртқы саясатындағы басым өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. Ол Сеул Орталық Азияға қатысты саясатын қайта қарастырып, 2026 жылы өтетін C5+K Саммитіне дайындалып жатқанын жеткізді.
Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың күшеюін және C5+1 форматында сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылдың кеңеюін атап өтті. Ол 2024-2025 жылдары бұл формат Мемлекет басшылары деңгейіне көтерілгенін, Қазақстанның дәйекті көпвекторлы саясат жүргізетінін және өңірдегі конструктивті рөл атқаратын орта держава ретінде танылатынын айтты.
Елші Арыстанов парламенттік және сараптамалық байланыстарды, сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы өзара іс-қимылды және GAROK қолдауымен жүргізіліп жатқан белсенді өңіраралық дипломатияны қамтитын C5+K форматындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Ол Қазақстанда корей капиталы бар 894 компания қызмет атқаратынын жеткізді.
Сонымен қатар, гуманитарлық байланыстар да қарқын алып келеді: туристік ағын артып, білім беру бағдарламалары кеңеюде, оның ішінде Woosong университеті филиалының ашылуы және Қызылорда қаласында SeoulTech университетінің AI School жобасының іске қосылуы. Елші өңірдің ашықтығы артып келе жатқанын, соның ішінде Қазақстан мен Корея арасындағы 30 күндік визасыз режимнің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларын Сеул және Пусанмен байланыстыратын 20 тікелей әуе рейсінің бар екенін атап өтті. Бұл факторлар өзара байланыстарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды.
Пікірталас барысында сарапшылар Орталық Азияның өзгеріп жатқан болмысына, өңірдің стратегиялық маңыздылығы мен экономикалық әлеуетінің артуына және технологиялық даму сұранысына сәйкес Корея Республикасының өңірге қатысты жаңа, мақсатты стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, Корея ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, инновацияларға, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына және адами капиталды дамытуға бағытталған болашаққа бағдарланған тәсілді қалыптастыруға мүдделі.
Форумға қатысушылар Орталық Азияның геосаяси әрі экономикалық тұрғыдан өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады. Іс-шара аясында өткен сұрақ-жауап сессиясы талқылауды тереңдетуге және қосымша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 20:19 136
Қосшы қаласының оқушылары тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының қалыптасу тарихымен танысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қосшы қаласындағы №4 мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Қазақстандық дипломатия мұражайын тамашалау барысында өскелең ұрпаққа дала дипломатиясынан қазіргі кезеңге дейінгі отандық дипломатиялық мектептің даму тарихымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқушыларға мұрағаттық құжаттар, сирек кездесетін материалдар мен тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі кезеңдерді көрсететін экспонаттар ұсынылды. Еліміздің халықаралық сахнада алғашқы танылуы, дипломатиялық қатынастар орнатуы және жетекші халықаралық ұйымдарға мүше болуына арналған бөлімдер ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара жас буынға Қазақстанның қалыптасуы және ұлттық мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделін нығайтудағы дипломатиялық қызметтің рөлін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Министрлік қызметкерлері оқушыларға Тәуелсіздік жылдарда қалыптасқан сыртқы саясаттың басты қағидаттары Қазақстанның жаһандық процестердің құрметті және белсенді қатысушысына айналуына қалай ықпал еткені туралы айтып берді. Отандық дипломатияның бітімгершілік бастамаларды ілгерілетуге, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделерін қорғауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Сыртқы істер министрлігіне сапар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін және дипломатияның маңыздылығын халықаралық аренада ұлттық мақсаттарды ілгерілетудің негізгі құралы ретінде түсінуін қалыптастыруға ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 14:51 86
Вашингтонда Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Microsoft Саясат және инновациялар орталығының алаңында Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөліне арналған сараптамалық пікірталас өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға АҚШ Үкіметі мен Конгресінің өкілдері, сондай-ақ жетекші сарапшылар мен академиялық қауымдастық мүшелері қатысты.
Спикерлер өңірдің АҚШ-пен қарым-қатынастарында "ренессанс" кезеңіне қадам басқанын және оның Вашингтонның сыртқы саяси күн тәртібінде маңызды орын алып келе жатқанын атап өтті. Олар 2025 жылғы
6 қарашада Вашингтонда өткен "С5+1" Саммитін, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануын және жоғары деңгейдегі делегациялар сапарларының артуын мысал ретінде келтірді.
Сарапшылар "С5+1" форматының және оның "С6+1" форматына дейін кеңею мүмкіндігінің тұрақты хатшылығы бар толыққанды үкіметаралық тетік құруға негіз болатынын айтты. Осы тұрғыда Қазақстанның өңірдегі ең ірі экономика, интеграциялық үдерістердің бастамашысы және институционалдық әрі инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары мемлекет ретінде жетекші рөлі ерекше аталды.
Пікірталас барысында Орталық Азияның транзит пен логистика саласындағы стратегиялық маңыздылығы да атап өтілді. Спикерлер қазіргі "Жібек жолының" жаңа конфигурациясын қалыптастырып отырған және өңірді жаһандық көлік байланысының маңызды торабына айналдырған Орта дәліздің және құрлық бағыттарының қарқынды дамуын ерекше атап өтті.
Сарапшылар Орталық Азияның энергетикалық қорлар мен аса маңызды минералдардың көзі, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымның болашақ орталығы ретіндегі әлеуетін кеңінен талқылады.
Америкалық сарапшылар алдағы кезеңдегі басты міндеттердің бірі ретінде АҚШ саясаты мен заңнамасын бизнестің нақты қажеттіліктеріне сәйкестендіруді атады. Олар ескірген шектеулерді жою, инвесторлар үшін неғұрлым болжамды жағдайлар қалыптастыру және АҚШ-тың жеке секторын Орталық Азиядағы жобаларға кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қатысушылар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы келешектегі ынтымақтастығы бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 13:45 266
Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдерінің іске асуы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Президенті Кеңсесінің басшысы Иштван Силвестер Тимармен, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші А.Сапарбекұлы бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтардың іске асуы туралы сұхбаттасын қысқаша мәлімет беріп, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке жасаған мемлекеттік сапары барысында Республика Президенті Тамаш Шуйокпен, Үкімет басшысы Виктор Орбанмен өткізген келіссөздердегі, сондай-ақ Т.Шуйоктың қазан айындағы Астана сапарындағы келісімдердің жай-күйі туралы пікір алмасты.
Қазақ дипломаты екі жақты саяси байланыстардан басқа, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың, сондай-ақ тараптардың қарауындағы бірлескен жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктердің жай-күйіне және перспективаларына тоқталып өтті.
Әсіресе жасанды интелект пен цифрландыру саласы ұсынатын мүмкіндіктер мен оның құқықтық реттелуі төңірегінде тәжірибе алмасу ұсынысы көтерілді.
Сонымен қатар, сұхбаттастар білім беру саласында Қазақстан мен Мажарстанның ұлттық университеттерінің ғылыми дисциплиналарына қазақ және мажар тілдерін ресми түрде енгізу мәселесіне үлкен мән берді.
Кездесу қорытындысы бойынша, сұхбаттастар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытында мемлекет басшыларының екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізген уағдаластықтарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 12:43 401
Қазақстан жыл сайынғы БҰҰ қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер одағының (UNWG) ұйымдастыруымен Достастық сарайында өткен жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
1976 жылдан бері жәрмеңке әлемнің осал балаларын қолдау сияқты ортақ мақсатпен түрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіріп келеді. Өз тарихында ол Женевадағы халықаралық қауымдастық үшін ең маңызды қоғамдық іс-шаралардың біріне айналып, іс-ашараға жыл сайын жүздеген қатысушылар жиналуда.
ҚР Тұрақты өкілдігі ұлттық стендте қазақ шоколадтары, дәстүрлі құрт, сондай-ақ ұлттық сувенирлер, қолданбалы өнер бұйымдары және кітаптар сынды өнімдерді ұсынды.
Жәрмеңке Қазақстан мәдениетін насихаттау және Женевадағы халықаралық ортадағы мәдени өзара әрекетті нығайту үшін маңызды мүмкіндік болды. Жиналған қаражат әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі балаларға көмектесетін қайырымдылық ұйымдарына берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 11:35 661
Будапештте "Түркі әлемі - Батыс: Геосаяси диалог" атты сарапшылар платформасының тұсауы кесілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мажарстанның беделді Дунай институтында "Түркі әлемі - Батыс: Геосаяси диалог" атты сарапшылар платформасының тұсаукесері өтті. Жаңа платформа түркі мемлекеттері мен Еуропалық Одақ және Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық және саяси серіктестікті тереңдету мүмкіндіктерін талқылауды мақсат тұтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форум жұмысына дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік органдар, шетелдік және жергілікті талдау орталықтары мен сараптамалық қауымдастықтар қатысты. Қазақстан тарапынан аталған іс-шараға арнайы келген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Назарбаев университетінің өкілдері панельдік сессиялардағы талқылауларға белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы Батыс мемлекеттері мен Түркі әлемі арасындағы ынтымақтастық бағыттарын, сондай-ақ сауда, инфрақұрылымдық байланыстылық, энергетикалық қауіпсіздік және стратегиялық ресурстар жеткізу тізбектерін дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды талдау болды.
Пленарлық сессия барысында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі А.Сапарбекұлы Түркі мемлекеттер ұйымы мен Батыс арасында саяси-экономикалық ынтымақтастық перспективалары жөніндегі еліміздің сыртқы саяси бағыт-бағдарымен таныстырып, Еуразия кеңістігіндегі байланыстырушы көпір әрі өңірлік және жаһандық тұрақтылықтың сенімді серіктестері ретінде Қазақстан мен Мажарстанның стратегиялық әріптестігінің маңыздылығына тоқталды.
Осы ретте, Елші Қазақстанның халықаралық көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту саясатын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (Орта коридор) қалыптастырудағы жемісті нәтижелері бойынша ақпарат беріп, Орта коридор Батыс пен Шығысты байланыстыратын маңызды жоба болатынын мәлімдеді. Ол көлік байланыстылығын нығайту және мультимодальды жүк бағыттарын дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Қазақстанның дайын екенін білдірді.
Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі мәселелерінде Қазақстанның маңызына ерекше назар аударылып, Қазақстанның ірі көмірсутек пен уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы ретіндегі әлеуетін атап өткен Елші, ТМҰ-ға мүше елдердің дәстүрлі және жаңартылатын энергетика секторларында еуропалық мемлекеттермен өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ жасыл сутегі өндірісі технологияларын ілгерілетуге қызығушылығын жеткізді.
Өзекті бағыттардың қатарында Елші стратегиялық маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа тоқталды. Ол Қазақстанның осындай ресурстардың айтарлықтай қорына ие екенін және жаһандық жеткізу тізбектерін әртараптандыруға елеулі үлес қоса алатынын, бұл Еуропалық Одақ пен АҚШ мүдделеріне сай келетінін айтты.
Өңірлік кооперацияға тоқтала отырып, Елші экономикалық интеграция мен өзара іс-қимылдың институционалдық платформасы ретінде Түркі мемлекеттері ұйымын нығайтудың маңыздылығын алға тартты. Ол Мажарстанның байқаушы мемлекеті ретінде ТМҰ қызметіне белсенді қатысуын жоғары бағалап, оның Еуропалық Одақ пен ТМҰ арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі рөліне сенім білдірді.
Форум АҚШ пен түркі өңірі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларына, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, маңызды минералдар жеткізілімін әртараптандыруға және Еуропалық Одақ пен Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы өзара іс-қимылдың шеңберлік құрылымын қалыптастыруға арналған тақырыптық панельдік пікірталастармен жалғасты. Қатысушылар тұрақты диалог сенімді серіктестік формаларын қалыптастыруға және жалпы экономикалық әрі стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Дунай институты сараптамалық өзара іс-қимылды қолдау және өңіраралық серіктестік форматтарын дамыту мақсатында Түркі-Батыс ынтымақтастығы бойынша Геосаяси диалогты тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 10:31 91
Пәкістандық студенттер арасында Қазақстанның сыртқы саясатына қызығушылықтың артуы байқалуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының және "Diplomatic insight" тобының төрағалары Фархат Асиф пен Мұхаммед Асиф Нұрмен бірлесіп, 6-шы Халықаралық жас дипломаттар мектебінің қатысушылары үшін дәстүрлі және жыл сайынғы семинар өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Пәкістанның әртүрлі білім беру мекемелерінен халықаралық қатынастар, құқық, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат салаларында білім алып жатқан жас мамандар мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы жан-жақты таныстыру жасады. Елші өз сөзінде саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік, логистика және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды.
Елші академиялық өлшем мен университеттер, сарапшылық топтар, жастар және спорт ұйымдары арасындағы өзара әрекеттесудің маңыздылығына тоқталды.
Сессияға қатысушылар Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарына, аймақтық ынтымақтастыққа және елдің Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланысты нығайтудағы рөліне үлкен қызығушылық танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 23:11 32571
Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзара іс-қимылды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге ұйымның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла және Алматы қаласында медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі географиялық қашықтықта орналасқан кеңсесінің басшысы Мелита Якаб қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бағыттары бойынша қол жеткізген нәтижелерін талқылады. Атап айтқанда, елімізде инфекциялық емес аурулардың 25%-ға төмендеуі, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының 75,4 жасқа дейін артуы, сондай-ақ ана мен бала өлім-жітімінің азаюы бойынша оң серпін байқалып отырғаны аталып өтті.
Сонымен қатар алдағы сәуір айында өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясында аталған ұйыммен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.
Е.Ашықбаев денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық қызметкерлердің халықаралық ұйымдардағы өкілдігін арттыру және олардың ДДСҰ жүйесінде кәсіби өсуін ілгерілетудің маңыздылығына тоқталды.
Бұл ретте, ұйым өкілдері Қазақстанда медицина қызметкерлеріне арналған кәсіби даярлық және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады.
Сонымен бірге ұйым тарапы медициналық-санитарлық алғашқы көмек бағыты бойынша көптеген елдердің Қазақстанның тәжірибесі мен жетістіктерін оң үлгі ретінде атап өтетінін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медициналық қызметтердің сапасын арттыру, олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.12.2025, 14:10Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды 09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды131441Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 16:01 123761Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады11.12.2025, 12:38 123701Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда11.12.2025, 09:35 123636Астанада адам құқықтары мен пенитенциарлық жүйені дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті
19.11.2025, 16:26 146991Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146641Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145826Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 14:10 131631Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды131441Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды

