20.11.2025, 15:30 145781
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ерлан Қариннің айтуынша, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінде "Парламенттік реформа" арнайы бөлімі іске қосылғалы бері бір айдың ішінде азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан осы мәселеге қатысты 300-ге жуық ұсыныс келіп түсті.
Бұдан бөлек, 6 саяси партия, атап айтқанда, "Amanat", "Ауыл", "Ақ жол", "Respublica", Қазақстан Халық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз ұсыныстарын жолдады. Онда бір палаталы парламенттің қызметі мен парламенттік партиялардың өкілеттігіне қатысты тетіктер қамтылған.
Сонымен қатар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сарапшылық материалдар әзірледі.
Қазір барлық ұсынысты талдау және жүйелеу ісі қолға алынды. Жұмыс тобының екінші отырысын биыл 2 желтоқсанда өткізу жоспарланған. Жиында ұсыныстар жекелеген бағыттар бойынша жан-жақты қарастырылады.
Мемлекет басшысы елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңі болатын алдағы парламенттік реформаның мән-маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев келіп түскен барлық бастаманы жан-жақты қарап, олардың негізінде парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.12.2025, 20:15 12311
Қызылорда облысында "Әкімнің цифрлық жұмыс орны" атты пилоттық жоба енгізілуде
Достарға айту
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев "Әкімнің цифрлық жұмыс орны" пилоттық жобасының жүзеге асырылуымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан іске қосылған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Әкімнің цифрлық жұмыс орны" жүйесі әлеуметтік-демографиялық өзекті деректер мен әрбір үй шаруашылығына қатысты ақпаратқа нақты уақыт режімінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Платформа әкімдерге біріктірілген деректер негізінде жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады, ақпараттың шашыраңқылығын азайтып, әкімшілік жүктемені төмендетеді.
Бүгінде жоба ел бойынша 34-тен астам ауылдық округте іске қосылып, әлеуметтік қолдау шараларының нақтылығын арттыруға, ашықтықты күшейтуге және қолмен жинақталатын есептерден аналитикалық басқару форматына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Модуль "Цифрлық отбасы картасы" инфрақұрылымы негізінде жасалған және 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйемен ықпалдастырылған. Бұл әкімдерге халық, үй шаруашылықтары, қолдау шаралары, табыс, тұрғын үй және әлеуметтік осал топтар бойынша бірыңғай және нақты деректер көзіне қол жеткізуге жағдай жасайды.
Алдағы кезеңде жүйе жаңа мәліметтік блоктармен толықтырылмақ. Олардың қатарында салық деректері, субсидиялар мен әскери есепке алынғандар туралы ақпарат бар. Қазақстандағы барлық ауылдық округтерді жүйеге қосу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 18:58 12936
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Аталған Заң арқылы Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстерге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Мәдениет туралы", "Білім туралы" және "Педагог мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер енгізілді.
Түзетулердің бірінші блогы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді.
Баланы асырап алу және кәмелетке толмағандарға қамқоршылықты немесе қорғаншылықты тағайындау барысында баланың туыстарына, ал олар болмаған жағдайда некеде тұрған адамдарға басым құқық беріледі.
Түзетулердің екінші блогына сәйкес, балалардың тамақтануына, тұрғын үйіне, медициналық көмегіне, білім алуына, тәрбиесіне және оларды сауықтыруға мемлекет бюджеті есебінен қаржы бөлінетін субъектілерге (объектілерге) қатысты мемлекеттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау тәртібі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңның аясында реттелетін салаға жатқызылады. Сәйкесінше тиісті нормалар Кәсіпкерлік кодекстен алынып тасталады.
Түзетулердің үшінші блогы білім беру саласындағы кейбір түйткілді мәселелерді шешеді.
Бұдан былай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары Оқу-ағарту министрлігі бекітетін, осындай ұйымдар қызметінің жетістіктерін рейтингтік көрсеткіштерге сай бағалау әдістемесіне және оларды саралау қағидаларына сүйене отырып сараланады. Ал жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының саралануы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бағалау әдістемесі мен қағидаларына негізделеді.
Түзетулердің төртінші блогы мәдениет саласындағы бірқатар мәселені шешуге бағытталған.
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады (Бұл ереженің телевизиялық жазбаларға, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарға қатысы жоқ). Сондай-ақ авторлық құқық объектісі саналатын шығармаларды масс-медиада немесе онлайн-платформаларда жария түрде пайдаланған кез келген жағдайда авторды (авторларды) көрсету міндетті.
Кітапхана қорын байыту және сақтау шараларын қабылдау бұдан былай жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 15:46 13746
ҚР Жоғары аудиторлық палатасында Жамбыл облысында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды
Достарға айту
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында Жамбыл облысында мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары қаралды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
2020-2024 жылдар аралығында өңірдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскен. Алайда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жалпы құрылымында облыстың үлес салмағы 2,7%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді.
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 553 млрд теңгеден асты, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 1,4 есе жоғары. Алайда 2020-2024 жылдар кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша облыс республикалық рейтинг көшбасшыларынан 3,5 есе артта қалып отыр.
Жалпы Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды басқару бөлігінде, сондай-ақ "Тараз" ӘКК" АҚ қызметінде бірқатар бұзушылық пен кемшілік анықталды.
Мәселен, Жамбыл облысы республикалық бюджеттен түсетін түсімдерге тәуелді. 2020-2024 жылдары бюджеттен түсімдер орта есеппен 80%-ды құрады. Осы кезеңде трансферттер 344 млрд теңгеден 521 млрд теңгеге дейін 51% өскен. Ал 38 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын игермеу фактілеріне жол берілген.
Өңірді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында Тараз кәріз-тазарту нысандарының болмауы, тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар санының өсуі және суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу деңгейінің төмендігі сияқты бірқатар маңызды және өзекті проблеманы шешу жөніндегі көрсеткіштер мен іс-шаралар қамтылмаған.
Мемлекеттік сатып алу саласында Тараз қаласының құрылыс және тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің "қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар шарт жасасудың ерекше тәртібін негізсіз қолдану фактілері анықталды. Бұл адал бәсекелестікті шектеуге алып келеді. Сонымен қатар үлестес компаниялармен шарттар жасасу жағдайлары бар.
Аудиторлар Тараз қаласында және облыста инвестициялық жобалардың іске асырылуы нашар бақыланатынын атап өтеді. Мердігерлерге орындалмаған жұмыс үшін ақы төлеу және әлі өтелмеген берешектері бола тұра аванс беру фактілері орын алған.
Мысалы, Тараз қаласының ТКШ бөлімі биыл маусым айында қалалық автожолдарды орташа жөндеу бойынша екі жобаға 537 млн теңгеден астам төлем жасаған, бірақ 70 күн өтсе де жұмыс басталмаған. Аталған жұмыс тамыз айында аудит жүргізу нәтижесінде ғана басталды.
Жамбыл облысы Шу ауданының 18 елді мекеніне жеткізілетін газ құбырын салудың нормативтік мерзімі екі жыл болса да, алты жылдан астам уақыт бойы аяқталмай келеді. Нәтижесінде 8,2 млрд теңге игерілмей, жоғары тұрған бюджетке қайтарылған, яғни қаражат тиімсіз пайдаланылған.
Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының даму жоспарында Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер жоқ. Сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсанда бекітілген көрсеткіштер саны
18-ден 5 бірлікке дейін қысқартылып, ал қалғандары бойынша индикаторлар нақты қол жеткізілген нәтижелерге дейін түзетілген.
Жалпы аудит қорытындысы бойынша:
- 58,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 47,1 млрд теңгесі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы бұзушылықтар;
- 75,6 млрд теңге тиімсіз жоспарланылған және пайдаланылған.
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 15:30 23331
Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Вице-премьер Қанат Бозымбаев су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесуде Сырдария өзені бассейніндегі судың аздығы туралы қалыптасып отырған ахуал талқыланды. Нарын-Сырдария каскадына келіп түсетін су көлемі айтарлықтай төмендеген. Бұл келесі жылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы қаупін тудырады.
Оның салдарын барынша азайту мақсатында Су ресурстары министрлігі су қоймаларының жұмыс режимдеріне қатысты бірнеше болжамдық нұсқа әзірледі. Су тым аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөлу және лимиттерді түзету қажет болатын сценарийлер пысықталды.
Су ресурстары шектеулі болған жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ылғалды көп қажет ететін дақылдар алқаптарын қысқарту және құрғақшылыққа төзімді, аз су қажет ететін дақылдарды енгізу арқылы егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын жалғастырып келеді.
Барлық су тұтынушылар судан тапшылық көрмеуі үшін және Сырдария өзенінің төменгі ағысында төтенше жағдай туындауына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысында 2026 жылы күріш егістіктерінің алаңы 70 мың гектардан аспауға тиіс.
Бір айта кететіні, егіс алқаптары жыл сайын оңтайландырылып жатқанына қарамастан, орташа өнімділік өсіп келеді (2024 жылы 85 мың га алқапта гектарынан 58 центнер, 2025 жылы 80 мың га алқапта гектарынан 58,1 центнер алынды). Бұған жаңа күріш сұрыптарын енгізу және заманауи техниканы пайдалану септік етіп отыр.
Сондай-ақ өңірде су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік көлемі артып келеді. Егін алқаптарында судың ысырап болуының алдын алу үшін лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл әдіс суды 20%-ға дейін үнемдеп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 60 мың гектар күріш алқабы тегістелді.
Заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу тәуекелдерді азайтып, АӨК-тің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл технологиялар республика бойынша 500 мың гектардан астам жерде қолданылуда, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін (суармалы жерлердің шамамен 70%-ы) жеткізу жоспарлануда. Аталған мақсаттарға жету үшін Үкімет кешенді шаралар қабылдауда, соның ішінде субсидиялау мәселелері де шешілуде.
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шеңберінде инвестициялық шығындарды өтеуге бағытталған жалпы трансферттер көзделген, ал қаржыландыру көлемі 215 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Алдағы вегетациялық маусымда жоғарыдан келетін су көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін. Ондай жағдайда су үнемдейтін технологиялар тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарымен қатар өсімдік шаруашылығы жүйесінің міндетті элементі болуы тиіс. Қызылорда облысының әкімдігі Су ресурстары және ирригация министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, инновациялық препараттарды қолдану үшін кемінде 100 гектар жер телімін анықтап, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық қолдауды қамтамасыз етуі қажет", - деді Қанат Бозымбаев.
Кездесуде фермерлерге суды пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету және су ресурстарын есепке алуды одан әрі цифрландыру үшін енгізіліп жатқан биллинг жүйесі туралы да айтылды. Бұл - фермерлерді сумен қамтудың толық циклін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа. Оның ішінде өтінім беру және келісімшарт жасасудан бастап, нақты тұтынуды есепке алу және төлем жасауға дейінгі функциялардың барлығы бар. Жүйе процестерді оңтайландырады, суды бөлу мен есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ нақты көлемдерді дәл есепке алуға мүмкіндік береді.
Вегетациялық кезең басталғанға дейін Қызылорда облысының әкімдігіне диқандар арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. "Қазсушар" РМК-ға ылғалды көп қажет ететін дақылдарға бекітілген лимиттерге қатаң сәйкес келетін су беру шарттарын жасасу, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алдағы вегетациялық кезеңде "қара су нарығымен" күресті күшейту тапсырылды.
Су шаруашылығындағы ахуал өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылғы вегетациялық кезеңге арналған өңірлер бойынша су тұтыну лимиттерін 2026 жылдың 1 ақпанына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдау жүктелді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2026 жылдың 1 наурызына дейін ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егістік құрылымын нақты қолжетімді суару суының көлеміне сәйкес түзету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 14:51 22256
Қазақстанда АӘД ережелері жаңартылды: армия әскерге шақырылушылардың дайындығын күшейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанда тәртіптің мазмұнын айтарлықтай өзгертетін және Қарулы күштердің оқушыларды қызметке даярлауға қатысуын нығайтатын алғашқы әскери дайындықтың жаңартылған қағидалары бекітілді. Қорғаныс министрі бұйрыққа 4 қарашада қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құжатты Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті әскери қызмет және әскери-патриоттық тәрбие туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді ескере отырып әзірледі. Ережелер мектептерде, колледждерде және кәсіптік білім беру мекемелерінде алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен оқытудың бірыңғай тәсілдерін белгілейді, педагогтерге қойылатын талаптарды нақтылап, курстың практикалық құрамдас бөлігін кеңейтеді.
Негізгі өзгерістердің бірі "алғашқы әскери дайындық" тарихи атауының пәнге қайта оралуы болды. Бағдарлама әскери қызметшілердің құқықтары, міндеттері мен әлеуметтік кепілдіктері туралы практикалық элементтерді, оқу-далалық сабақтарды көбейту және түсіндіру жұмыстарын кеңейту есебінен күшейтіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева жаңартулар болашақ әскерге шақырылушыларды даярлау сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
- Біз пәнді оның нақты мазмұнына сай етеміз. Бұл азаматтарды армияға дайындаудың бірінші кезеңі. Балалар әскери қызметшінің жарғысын, міндеттерін, қызметтен кейінгі құқықтары мен кепілдіктерін түсінуі керек. Бүгінгі әскер - бұл нақты мамандық пен білім алудың мүмкіндігі. Мектеп оқушыларының бұл жайлы алдын ала білгенін қалаймыз, - деді ол.
Оқытушыларға қойылатын талаптар айтарлықтай өзгереді. АӘД-ны мамандығы бойынша педагогикалық білімі және әскери қызмет өткеру тәжірибесі бар азаматтар ғана жүргізе алады. Пән бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер өз лауазымдарын сақтайды. Кемінде он жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер үшін Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының базасында тегін педагогикалық қайта даярлау мүмкіндігі енгізіледі.
Бұл шешімнің кадрлық базаны нығайтып, оқушылардың пәнге деген сенімін арттыратынын айтақан Министрдің кеңесшісі:
- Оқушылар әскерде қызмет еткен адамды көруі керек. Бұл қорқыныш пен сенімсіздікті болдырмайды, әрі армияның қалай жұмыс істейтінін түсіндіруге мүмкіндік береді, - деді.
Жаңартылған ережелер әскери бөлімдердің рөлін кеңейтеді: оқу-далалық жиындардың практикалық құрамдас бөлігі күшейтіледі, бөлімше командирлері жекелеген сабақтарға қатысып, далалық базаны көрсетеді. АӘД оқытушыларының біліктілігін арттыру бұдан былай әскери жоғары оқу орындарының, кафедралардың және Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында ғана жүргізіледі. Бұл өзекті әскери тәжірибеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 12:54 26906
Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасы: Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға алды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, ҚТҚ өңдеу жобаларын жүзеге асыру туралы баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Президентіміздің "Таза Қазақстан" бастамасы кең ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Мәселе тек ағаш отырғызу және қоқыс тазарту туралы болып отырған жоқ. Табиғатты қорғау идеясына бүкіл қоғамды біріктіру, жайлы да таза қоршаған орта қалыптастыру ісіне әрбір адамның белсенді қатысуы - біздің жұмысымыздың басты нәтижесі болуға тиіс. Табиғи байлықты сақтау, ауа мен судың тазылығын қамтамасыз ету, ресурстарды ұтымды пайдалану - біздің алдымызда тұрған басым міндеттер. Мемлекет басшысының бастамасы бір күндік науқан емес, жаңа экологиялық мәдениетті, сондай-ақ азаматтарымыздың күнделікті өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тұрақты жұмыс", - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.
Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында биыл республика бойынша 1 250 экологиялық іс-шара өткізілді, оның ішінде аумақтарды жинау, көгалдандыру және экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді. 2,8 млн-нан астам ағаш отырғызылды, 1 млн гектардан астам жер тазартылды, шамамен 800 мың тонна қалдық жиналды. Осылайша, "Таза Қазақстан" акциясының нәтижесінде коммуналдық шаруашылықтың жүргізіліп жатқан қызметімен бірлесіп қалалар мен ауылдарда 3,8 млн ағаш отырғызылды. Бүгінгі таңда 18 млн-нан астам ағаш отырғызылды, бұл Президенттің 2025 жылға дейін елді мекендерде 15 млн көшет отырғызу міндетіне жауап береді.
Заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жалғасуда. Құқық қорғау органдарымен бірлесе 1 300-ден астам мобилді топ жұмыс істеуде. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 833 полигон анықталды, олардың 80%-ы жойылды. 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 12,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жыл басынан бері @TazaQazBot телеграмм-чат платформасы арқылы 24 мыңнан астам өтінім түсті, оның 23 мыңнан астамы орындалды. Келіп түскен өтініштердің дені аумақтарды тазарту (8524), тұрмыстық қоқыстарды шығару (1709), көшелерді абаттандыру (1675) және жолдарды жөндеу (1480) жұмыстарына қатысты.
Таза Қазақстан" бастамасындағы негізгі аспектілерінің бірі - қалдықтарды жауапкершілікпен өңдеу. Өңірлердің экологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 8 жаңа ҚТҚ полигоны пайдалануға берілді. Қалдықтарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша, оның ішінде кәдеге жарату алымынан түсетін қаражат есебінен жалпы құны шамамен 89,4 млрд теңгені құрайтын 22 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру сатысында тұр. Тағы 40 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, Кешенді жоспарда қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша 100 полигон салу көзделген.
Сондай-ақ Ерлан Нысанбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 3 қоқыс өртеу зауытын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Биыл жалпы құны 293 млрд теңгені құрайтын инвестиция туралы тиісті келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар кәдеге жарату қаражаты есебінен құрамында тұрақты органикалық ластаушы заттары бар қалдықтарды басқаруға және сот шешімімен республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды жою көзделеді.
Премьер-министр жұмыс қарқыны баяу Абай және Ұлытау облыстары әкімдерін тыңдады: өңірлерде полигондардың 36% және 53%-ы ғана жойылған. Олжас Бектенов тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты жағдайды түзету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Жетісу облыстарының әкімдіктері жыл соңына дейін заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстарын аяқтауы қажет. Полигондар құрылысын жеделдету тапсырылды.
Биыл шамамен 6,5 млн қазақстандық экологиялық акцияларға қатысты. Премьер-министр жастарға ерекше көңіл бөле отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экологиялық мәдениет қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы айтты. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы өскелең ұрпақ бойына еңбекқорлық, отансүйгіштік, экологиялық жауапкершілік құндылықтарын сіңіруде. Бүгінгі таңда оқушылардың 87,2%-ы қосымша экологиялық біліммен қамтылған. Олар үшін экология, биология, туризм, өлкетану және басқа да бағыттар бойынша клубтар мен үйірмелердің 380-ге жуық түрі жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта еліміздегі 35 жоғары оқу орнында экология саласы бойынша мамандар дайындайды. 2025-2026 оқу жылына "Қоршаған орта" бағыты бойынша 2358 мемлекеттік грант бөлінді. Жоғары оқу орындарында да еріктілік белсенді дамып келеді: студенттердің қатысу көрсеткіші 45%-ды құрады.
Сонымен қатар инженерлік экология, экоаналитика және тағы басқа саласында кадрлар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын жаңарту жүргізілуде, 2025-2027 жылдарға арналған ғылым желісі бойынша "Экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану" бағыты бойынша 318 жоба жүзеге асырылуда.
***
Президенттің орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы жеке мәселе ретінде қаралды.
Экология министрінің айтуынша, 2021-2025 жылдар аралығында республика бойынша жалпы ауданы 918,4 мың гектар алқапқа 1 млрд 470 млн ағаш егілді, оның ішінде биыл 320 млн көшет отырғызылды.
Семей орманы" МОТР жабық тамырлы көшеттер өсіру тәжірибесі 5 өңірде - Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Абай облыстарында кеңейтілуде. Отандық ағаш тәлімбақтарында өсірілген көшеттердің өмір сүру деңгейі 90%-ға жетеді. Келесі жылдың басында сыйымдылығы жылына шамамен 6 млн көшет егуге жететін орман тұқымын өндіру бойынша жаңа 6 кешеннің құрылысы басталады.
Арал теңізінің құрғаған түбінде табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба шеңберінде Қазалы қаласында қуаттылығы 3 млн данаға дейін сексеуіл көшеттері бар тәлімбақ салынды. Құрғатылған теңіз түбінде тағы бір тәлімбақ салу және "Арал Орманы" резерватын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстары әкімдіктері басшылығының есебі тыңдалды, онда ағаш отырғызу және тұқым жинау бойынша кемшіліктер бар.
Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктер ағаш отырғызуды сапалы қамтамасыз ету және тәлімбақтар құру бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Бұл жағдайда егілген көшеттердің санына ғана емес, олардың жерсініп кетуіне де назар аудару керек.
Бақылауды күшейту үшін Премьер-министрдің төрағалығымен "Таза Қазақстан" Президент бастамасының жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады. Жауапты мемлекеттік органдар жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ай сайын баяндайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 10:45 22566
ІҚМ етін әкетуге квоталар енгізілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне ІҚМ етін әкетуге квоталар бөлу қағидалары күшіне енгізілді. Аталған норма 2025 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданылады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
ІҚМ етін әкетуге арналған сандық лимит 13 000 тоннаны құрайды.
Бір тұлғаға арналған квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді:
- бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 (бес мың) басталғанда - 1 000 (бір мың) тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 10 000 (он мың) басталғанда - 2 000 (екі мың) тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 15 000 (он бес мың) басталғанда - 3 000 (үш мың) тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 20 000 (жиырма мың) басталғанда - 4 000 (төрт мың) тонна.
Квота өзінің бордақылау алаңынан мал басын пайдалану кезінде ет өңдеуші кәсіпорынның ірі қара малының етіне бөлінеді.
Квота мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін жеке және/немесе заңды тұлғаларға (оның ішінде экспорттық компанияларға) бөлінеді:
- есепке алу нөмірі бар ет комбинатының болуы;
- біржолғы қуаты кемінде 5 000 (бес мың) бас ірі қара мал болатын, есепке алу нөмірі бар жеке бордақылау алаңының болуы, малдың жасы кемінде 12 (он екі) ай, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорында тіркелген, бордақылау ұзақтығы кемінде 4 (төрт) ай болуы, сондай-ақ осы ірі қара мал басында құлақ сырғалары түрінде радиожелілік белгісімен сәйкестендірудің болуы (RFID). Бөлу сәтіндегі квота көлемін есептеу және жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес бір бастың орташа тірі салмағы 200 (екі жүз) килограмм болып айқындалады;
- сыртқы экономикалық келісімшарттарының болуы.
Квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді және "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия алу кезінде автоматты түрде беріледі.
Лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/adilet/V2300033571?lang=kk.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 09:49 27196
Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Достарға айту
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Президенттің халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға бағытталған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілді, жабдықтың тозуы 90%-ға жетті.
Қазіргі уақытта нысанда ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер (кәріз, жылумен жабдықтау, жарықтандыру) тартылып, трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары салынды. Сүзілген және ауыз суға арналған 4 резервуар реконструкцияланды және пайдалануға берілді, сорғы жабдығы жаңартылды.
Үкімет резервінен бөлінген қаражат нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы жоспарлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Жезқазғанның инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жұмыс - халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сапалы ауыз суға қолжетімділік: қалаларда - 99,4%, ауылдық елді мекендерде - 98%-ды құрайды.
100% көрсеткішке қол жеткізу үшін 2025 жылы Үкімет республикалық бюджетте 257 жобаны жүзеге асыруға 105,7 млрд теңге қарастырған. Бұдан бөлек, Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен 229 жобаны жүзеге асыруға қосымша 135,8 млрд теңге бөлінді.
Үкімет бөлінген қаражаттың уақтылы мақсатты игерілуін және Президенттің азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жүргізілетін жұмыстардың сапасын бақылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 08:57 3696Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 3431Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 10:04 3186Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 12:20 122146 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі
01.12.2025, 12:48 73386Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72571Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 13:34 72216Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде01.12.2025, 14:38 72206Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда30.11.2025, 09:19 68556Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176351Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174531Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151581Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146111Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145771Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

