18.02.2026, 14:22 59701

ТүркПА Қазақстандағы референдумды бақылайды

ТүркПА Қазақстандағы референдумды бақылайды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Рамиль Хасанмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақ дипломаты жалпы түркілік байланыстардағы ТүркПА-ның маңызын атап өтіп, ұйым қызметінің одан əрi жүйелене түсетiнiне деген сенімін білдірді.

Әңгіме барысында Ә. Байел Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.

Осыған байланысты Елші Р.Хасанға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алдағы референдумға байқаушы ретінде қатысуға шақыруын табыстады.

Өз кезегінде Р.Хасан шақыру үшін алғысын білдіріп, ТүркПА делегациясы референдумға халықаралық байқаушылар ретінде белсенді түрде қатысатынын жеткізді. Бас хатшы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға беріп, қонақтарды ұйымның 2026 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны