10.02.2026, 12:57 3546

Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстандағы Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа Капуджуды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының 14-ші отырысын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық салалардағы практикалық өзара іс-қимылды күшейту мен бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін растай отырып, тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға өзара мүдделілігін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны