10.02.2026, 16:15 3916
Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан БҰҰ АзТМЭӘК Бас хатшысының серіктестік және үйлестіру мәселелері жөніндегі орынбасары Шомби Шарппен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын талқылап, Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ең беделді өңірлік ұйымдардың бірімен серіктестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын қарастырды.
Ерекше назар Қазақстанның Алматыда БҰҰ АзТМЭӘК-ның Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі бастамасына аударылды. Бұл Орталық тұрақты даму мүддесінде мемлекеттер арасында тәжірибе, озық практикалар және цифрлық технологиялар алмасуын ілгерілетуге бағытталған жаңа өңірлік БҰҰ институты болмақ.
Елші Ш.Шарпты Қазақстанның қазіргі және жоспарланған әлеуметтік-экономикалық бастамалары туралы хабардар етті. Сонымен қатар әңгіме барысында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтармен диалогты күшейтуге және инклюзивті әрі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған елдегі конституциялық реформалар қозғалды.
БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) - өңірдегі ең ауқымды үкіметаралық платформа. Штаб-пәтері Бангкок қаласында орналасқан Комиссия 53 мүше мемлекет пен 9 қауымдастырылған мүшенің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы ынтымақтастығына жәрдемдеседі. БҰҰ АзТМЭӘК - Біріккен Ұлттар Ұйымының бес өңірлік комиссиясының бірі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.02.2026, 18:35 1151
Қазақстан Венада ғарыш саласындағы жетістіктерін таныстырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның делегациясы БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің (КОПУОС) Ғылыми-техникалық кіші комитетінің (ҒТКК) 63-сессиясына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сессия аясында Василий Фесенков атындағы Астрофизикалық институттың директоры Шыңғыс Омаров Қазақстанның ғарыштық жағдайдан хабардар болу (SSA - Space Situational Awareness) саласындағы қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктері туралы презентация жасап, Жерге таяу ғарыш кеңістігінe бақылау жүргізу және ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын атап өтті.
Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде Ш.Омаров Біріккен Араб Әмірліктерінің Ғарыш агенттігі (UAE Space Agency) өкілдерімен кездесу өткізді. Онда тараптар ғарыш саласындағы ғылыми және қолданбалы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде ғарыштық зерттеулер, деректер мен технологиялар алмасу және SSA саласындағы ықтимал бірлескен бастамалар мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қазақстандық тараптың ҒТКК КОПУОС жұмысына қатысуы Қазақстанның ғарыш саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділігін және ғарыш қызметінің қауіпсіздігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосып отырған үлесін растайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2026, 17:14 2401
Прагада ашылған көрмеде қазақ бейнелеу өнері көрсетілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Прагадағы Ұлттық азшылықтар үйінің галереясында чех және еуропалық мәдени қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен "Сырлы Шығыс" көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспозицияға Чехияға кеңінен танымал жерлесіміз, медицина ғылымдарының докторы, Чехияның Адам құқықтары және ұлттық азшылықтар істері жөніндегі бұрынғы министрі Жәмилә Стехликованың кескіндемелік туындылары мен оның әкесі - белгілі қазақстандық сәулетші әрі материалдық мәдениет зерттеушісі Алмас Ордабаевтың фотосуреттері қойылды.
Ж.Стехликова өз шығармаларында туған өлкесі мен Орталық Азия көріністерін арқау етіп, кең байтақ дала мен тау көріністерін және сәулет ескерткіштерін шебер бейнелеген. А.Ордабаевтың фотосуреттері болса, экспозиция мазмұнын байытып, өткен ғасырдағы қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салты мен өмірінен сыр шертті.
Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов суретшіні көрменің ашылуымен құттықтап, Чехияда қазақ мәдениетін дәріптеуге қосқан қомақты үлесі үшін алғыс білдірді. Ол мұндай бастамалардың екі ел арасындағы, сондай-ақ ежелгі Жібек жолы бойындағы Орталық Азиямен көпжақты байланыстарды дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті.
"Сырлы Шығыс" көрмесі 2026 жылдың 20 ақпанына дейін келушілерге есігі ашық болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2026, 14:03 4871
Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов Америка мемлекеттері ұйымының (АМҰ) бас хатшысы Альберт Рамдинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Елшіні Қазақстанның АМҰ жанындағы Тұрақты байқаушысы ретінде аккредиттеу туралы вербалды нотасының көшірмесі тапсырылды. Тараптар ұйыммен өзара әрекеттестіктің қазіргі ахуалы мен даму келешегін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
М.Ілиясов Бас хатшыны Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарымен, оның ішінде көпжақты алаңдар аясындағы ұстанымдарымен таныстырды.
Өз кезегінде А.Рамдин бейбітшілікті ілгерілету жолындағы бірлескен күш-жігерді нығайту мақсатында Қазақстан мен АМҰ арасындағы диалогты жандандыруға, сондай-ақ Латын Америка елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2026, 13:08 5096
Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Рига қаласында Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің қолдауымен Латвия стивидор компаниялар қауымдастығы мен Латвия темір жолы бірлесіп ұйымдастырған "Латвия-Қазақстан" бизнес конференциясы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша негізгі халықаралық "торап" ретіндегі Қазақстанның транзиттік және көліктік әлеуетінің тұрақты дамуы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанда жаңа темір және автокөлік жолдарын пайдалануға беру, заманауи көлік-логистикалық орталықтарды салу және тиімді цифрлық экожүйе құру бойынша қабылданып жатқан шаралардың дер кезінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Бұл Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарын кеңейту және тереңдету үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасайды", - деп атап өтті Елші.
Латвия Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андулис Жидковс елдің дамыған порт және теміржол инфрақұрылымы негізінде көлік және логистика саласындағы екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін растады. Ол Үкіметтің халықаралық жүк транзитінің көлемін арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Андулис Жидковс олардың ішінде қазақстандық өнімдердің үлесі айтарлықтай екенін атап өтті. Осыған байланысты ол мультимодальды логистикалық бағыттарды дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Іс-шараға қатысушылар көлік саласындағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іс-жүзінде жүзеге асыру бойынша пікір алмасып, жаңа бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.
Конференцияға Латвия Көлік министрлігі мен Кеден қызметінің басшылығы, сондай-ақ екі елдің бизнес және салалық қауымдастық өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2026, 12:57 5386
Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстандағы Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа Капуджуды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының 14-ші отырысын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық салалардағы практикалық өзара іс-қимылды күшейту мен бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін растай отырып, тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға өзара мүдделілігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 22:39 89336
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК-ті қоса алғанда, көпжақты алаңдар аясында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Орталық Азия - Үндістан" диалогын өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа ретінде одан әрі ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.
Министр Үндістанды Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктес ретінде атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың ерекше маңыздылығын айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың басымдығына, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен туризмді нығайтуға ерекше назар аударды.
Өз кезегінде Елші кездесу үшін алғысын білдіріп, Нью-Делидің Қазақстанмен көпформатты ынтымақтастықты белсендетуге қызығушылығын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбатттастар екіжақты және көпжақты өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 21:12 89941
Қазақстан-Cербия ынтымақтастығының перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Сербия Республикасы үкіметінің халықаралық экономика мәселелеріне жауапты министрі Ненад Поповичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында саяси ынтымақтастық және сауда-экономикалық ықпалдастықты қоса алғанда кең ауқымды мәселелер талқыланып, 2026 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесі қарастырылды.
Сербия - Балқан өңіріндегі біздің ең маңызды серіктестеріміздің бірі. Біз аса жоғары және жоғары деңгейлердегі тұрақты саяси диалогты, екі ел парламенттеріндегі достық топтарының өзара іс-қимылын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын қамтитын тиімді институционалдық ынтымақтастық архитектурасын қалыптастырдық", - деп атап өтті Ә.Қуантыров.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 18-19 қарашада Сербияға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ 2025 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 4-отырысының шешімдерін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Астана мен Белград арасындағы тікелей әуе қатынасының іске қосылуына қанағаттанушылық білдіріліп, бұл қадам екі ел халықтары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететіні аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара сенім мен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қазақ-серб қатынастарын одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 20:09 89336
Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық іс-шара өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара поэзия бойынша ашық сабақ форматында ұйымдастырылып, Бельгияда қазақ тілі мен мәдениетін үйреніп жүрген балалар мен ересектертер белсенді қатысты. Бағдарлама аясында ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде орындалып, оның поэзиясының көптілді әрі халықаралық ортада да сұранысқа ие екені көрініс тапты.
Жылы әрі еркін атмосферада қатысушылар поэзияның ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы рухани байланыс құралы ретіндегі рөлі туралы пікір алмасты.
Бельгияда қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде өткен іс-шарада, Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық мұрасы бүгінгі көпмәдениетті ортада да өзектілігін сақтап отырғанын көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.02.2026, 19:21Ташкентте Ауғанстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 04.02.2026, 17:15 191806Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда04.02.2026, 18:18 191676Словенияның фармацевтика көшбасшылары Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуда04.02.2026, 21:28 190631Саарбрюккен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды04.02.2026, 17:33 190461Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді
14.01.2026, 19:10 234671Алматы мектептері жаңа платформада қалады: сот Kundelik-тің өтінішін қанағаттандырмады14.01.2026, 18:06 228331Kundelik төңірегіндегі дау: Алматы мектептері жаңа платформада жұмысын жалғастырып жатыр21.01.2026, 10:52 217171Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 217061Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2157212025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

