18.02.2026, 12:18 58091

Қазақстан мен Молдова парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Молдова парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Парламенті төрағасының орынбасары Дойна Германмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың дәйекті дамуын растады және парламентаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Қазақ дипломаты елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Аталған реформалар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен қолға алынған. Осы тұрғыда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері, сондай-ақ ү.ж.15 наурызына жоспарланған Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум туралы мәлімет ұсыныды.

А.Айдарбеков сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дипломатия саласындағы жетістіктері мен 2025 жылдың қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

Өз кезегінде Вице-спикер Молдованың еуропалық интеграция және сыртқы саясат, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді ынталандыру, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және климаттық күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және диаспорамен өзара іс-қимылды дамыту дағы негізгі басымдықтарын атап өтті.

Д.Герман молдава тарапының екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіріп, Кишинёвтың өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны