05.08.2025, 20:53 29841
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды.
Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 20:29 21
Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Бас хатшысы Иан Сондерспен кездесті. Тараптар ағымдағы өзара іс-қимылды және оны одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстанның ДКҰ-ның салалық органдарындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілді екенін атап өтіп, Бас хатшы ілгерілетіп отырған стратегиялық басқаруды күшейту, ашықтықты арттыру және цифрлық трансформацияға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті.
Р. Василенко Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кеден қызметін жаңғырту бағдарламасы, соның ішінде "Кеден" бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеу туралы ақпарат беріп, ДКҰ-ның "Anti-Corruption & Integrity Promotion Programme" бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыру ниеті жөнінде хабардар етті.
Кездесу барысында сондай-ақ, Орта дәліз шеңберіндегі транзиттік рәсімдерді цифрландыру мәселелері талқыланды. Аталған бағыт өңірлік логистиканың өткізу қабілеті мен тиімділігін арттыру үшін стратегиялық маңызға ие екені аталып өтті.
Қазақстан тарапы И. Сондерсті елге шақырып, шекаралық кеден бекеттерінің жұмысымен танысуға және ынтымақтастықтың практикалық аспектілерін талқылауға ұсыныс жасады. Елші Қазақстанның ДКҰ-мен әріптестікті одан әрі нығайтуға және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландыру саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 18:20 266
Қазақстан мен Еуропалық одақ Брюссельде он жылдық ынтымақтастықты қорытындылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) қол қойылуына 10 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға Еуропалық комиссия, Бельгия Федералдық парламенті мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус, іскер және сарапшылық қауымдастық, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның серіктесі "Eurasian Resources Group" (ERG) компаниясы болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бельгия Корольдігіндегі Қазақстанның Елшісі, Еуропалық одақ пен НАТО жанындағы Миссияның басшысы Роман Василенко өз сөзінде КӘЫК-тің жүзеге асырылған он жылы ішінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастар шынайы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
Ол Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара сауда көлемі 2024 жылы рекордтық 50 млрд АҚШ долларына, ал ЕО елдерінің 2005 жылдан бергі жиынтық инвестициялары 200 млрд АҚШ долларынан асқанын мәлімдеді. Бүгінде Қазақстанда 4 мыңнан астам еуропалық компания табысты жұмыс істеуде, бұл ел экономикасына деген жоғары сенімнің айғағы.
Елші сирек кездесетін шикізат, жасыл энергетика, көлік, цифрландыру және орнықты даму салаларындағы ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ виза режимін жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер бойынша келіссөздердің басталғанын хабарлады. Ол сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға, оның ішінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарына назар аударды.
Елші көлік байланысын нығайту мәселесіне ерекше тоқталып, Транскаспий халықаралық көлік бағытының ("Орта дәліздің") дамуы Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбектеріне терең ықпалдасуының маңызды элементіне айналып отырғанын айтты. Өз сөзін қорытындылай келе, Р.Василенко 2026 жылы жоспарланған жоғары деңгейдегі өзара сапарлар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.
Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың белсенді және тұрақты серпінін атап өтіп, КӘЫК-тің серіктестікті дамытуға сенімді негіз болып табылатынын жеткізді.
Іс-шараның құрметті қонағы - Бельгия Сыртқы істер министрлігінің хаттама қызметінің басшысы, елші Пьер Картювельс Қазақстан-Бельгия қатынастарының дәйекті дамуын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар екенін айтты.
Кештің шарықтау шегі ретінде Баян Жанбауова жетекшілік еткен қазақстандық дизайнерлердің ұлттық нақыштағы сән үлгілері көрсетілімі өтті. Дәстүрлі өрнектер мен заманауи элементтер үйлесім тапқан коллекция көрермендерге ерекше әсер қалдырып, қазақстандық сәннің байлығы мен даралығын паш етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 13:48 36506
Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық реформалар мен ел дамуына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге Мажарстанның танымал "Mandiner", "Eurázsia Center", "Daily News", "Diplomatic Press Agency", "Magyar Nemzet", "HVG.hu", "About Hungary" басылымдары, сондай-ақ "Hungarian Institute of International Affairs" (HIIA), "Mathias Corvinus Collegium" (MCC) және "Danube Institute" сынды беделді ой-талқы орталықтарының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды және жүйелі саяси, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық реформалар үрдісі жөнінде баяндама жасады. Атап айтқанда, еліміздің одан әрі демократиялануына, азаматтық институттарды күшейтуге және мемлекеттік басқару тиімділігі мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді ұлттық бағдарламалар туралы кеңінен әңгіме болды. Осы ретте, Әділетті Қазақстан құру жолындағы "Естуші мемлекет", "Күшті Президент - Ықпалды Парламент - Есеп беретін Үкімет" қағидаттары, сондай-ақ Конституциялық өзгерістердің негізгі элементтері, соның ішінде 2027 жылы жалпыхалықтық референдумға шығарылуы жоспарланған бір палаталы Парламент моделіне көшудің мақсат-мұраттары түсіндірілді. Жүргізілген реформалардың арқасында азаматтарымыздың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы мүмкіндігі едәуір кеңейіп, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайғаны аталып өтті.
Іс-шара барысында Елшілік қызметкерлері Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі бастамалары, экономикалық дамуы, оның ішінде транзиттік-көлік дәліздерінің мүмкіндіктері және инвестициялық тартымдылығы бойынша көлемді презентациялар жасады.
Кездесу барысында мажар қатысушылар Қазақстанның өңірлік, оның ішінде Орталық Азия мен Еуропа сыртқы саясаты, Бір белдеу - Бір жол шеңберіндегі көліктік саясаты, Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығының көкжиектері мен еліміздің алдағы кезеңдегі басты саяси-экономикалық күн тәртібі туралы сұрақтар қойды. Осы ретте, қатысушылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және сындарлы саясатын жоғары бағалап, қазақ-мажар ынтымақтастығының ағымдағы жылғы серпінді даму сипатын ерекше атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 09:00 32471
Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақстан-корей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелерін және одан әрі даму перспективаларын талқылады.
Машина жасау, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы бірлескен инвестициялық жобалардың табысты іске асырылғаны атап өтілді.
Біз Корея Республикасымен стратегиялық серіктестігімізді және бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерімізді жоғары бағалаймыз. Серіктестігімізді іске асыру арқасында біз жаңа жұмыс орындарын құрып, инновацияларды енгізіп, өндірістік қуаттарды кеңейте алдық", - деп атап өтті Роман Скляр.
Өз кезегінде Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик Қазақстан басшылығына қолдау мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, экономиканың әртүрлі салаларында екітаралы қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Елші Чжо Тэ-ик Қазақстанның Халықаралық атом энергия агенттігіне қабылдануымен құттықтады.
Дипломат Қазақстан уран саласындағы маңызды ойыншы екенін атап өтіп, атом электр станциясын салуда сәттілік тіледі.
Кездесу соңында Роман Скляр Елші Чжо Тэ-икке қазақ-корей қарым-қатынасын дамытуға қосылған жеке үлесі үшін алғыс айтты және оған дипломатиялық мансабында табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2025, 13:32 40946
Найробиде Каспий мен Арал теңіздеріне байланысты мәселелер талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына қатысу аясында Қазақстан делегациясы "Теңіздер мен көлдердің кебуі - XXI ғасырдың жаһандық апаты. Каспий және Арал теңіздерінің, сондай-ақ Африка, Америка, Еуропа және Азия елдерінің мысалында мәселелерді шешудің өңірлік шаралары" тақырыбында ресми сайд-ивент ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің делегациялары, БҰҰ басшылығы, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының Атқарушы директоры Ингер Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, Батпақты жерлер туралы конвенцияның Бас хатшысы Мусонда Мумба, Францияның Экологиялық өтпелі кезеңдегі бұрынғы министрі және Сыртқы істер министрлігінің қоршаған орта мәселелері жөніндегі елшісі Барбара Помпили, Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай қатысты.
Іс-шара теңіздер мен көлдердің кебу мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және Орталық Азия тәжірибесінің басқа өңірлер үшін пайдалы болуы мүмкін екенін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Форумға қатысушылар Африка, Латын Америкасы және Азиядағы теңіздер мен көлдердің кебуіне байланысты өңірлік қиындықтар мен мүмкіндіктерді қарастырып, экожүйелерді қалпына келтіру және қауымдастықтың тұрақтылығын нығайту үшін кешенді трансшекаралық әрекеттерге назар аударды. Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі күш-жігерін, соның ішінде 2026 жылы Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитті өткізуді жоғары бағалады.
Орталық Азия елдері үшін тұрақты даму мәселелерін, биоәртүрлілікті сақтау және су ресурстарын қорғау шараларын ілгерілетудегі Қазақстанның көшбасшылығы ерекше аталып өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар теңіздер мен көлдердің кебуіне қарсы тұру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін XXI ғасырдың ең үлкен экологиялық қауіптерінің бірі ретінде, экожүйені қалпына келтіру және су ресурстарын кешенді басқару саласындағы озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар елдер мен өңірлер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру, және климаттың өзгеруіне бейімделу және әлемнің барлық аймақтары үшін су қауіпсіздігін нығайту үшін әмбебап және үнемді құрал ретінде табиғатқа негізделген шешімдерді ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 23:30 41161
Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желько Комшичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланып, энергетика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай мүмкіндіктері аталып өтті.
Елші Президиумның төрағасына Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ауқымды реформаларды жүзеге асыру және кешенді әлеуметтік-саяси өзгерістер жөнінде ақпарат берді.
Қазақстанның бейбіт және ашық сыртқы саясат ұстанып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттердің егемендігі, теңдігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын берік қолдайтыны аталып өтті. Дипломат Қазақстанның мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған саясатын да жеткізді.
Босния және Герцеговинаның басшысы реформалар бағытын жоғары бағалап, Қазақстанның айтарлықтай жетістіктеріне назар аударып, сондай-ақ елдің екі континенттің тоғысындағы ірі транзиттік-тасымалдау әлеуеті бар жетекші еуразиялық экономикалық держава ретіндегі рөлін атап өтті.
Ж.Комшич Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына алдағы ҚР Тәуелсіздік күніне орай амандық пен өркендеу тілектерімен жылы құттықтауларын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 21:22 41596
Сеулде Орталық Азия елдерінің Корея Республикасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған "Кореяның өңірлік стратегиялары форумы: жаһандық серіктестікті кеңейту" атты форум Сеул қаласында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Үкімет өкілдері, жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, дипломаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан 300-ден астам қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты - жаһандық жағдайдың жылдам өзгеруі аясында Кореяның сыртқы саясатының басым бағыттарын және халықаралық әріптестікті нығайту жолдарын талқылау болды.
Форумның маңызды сессияларының бірі Корея Республикасының Орталық Азиямен өзара іс-қимылына арналды. Корея СІМ Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия істері бюросы Бас директорының орынбасары Нам Джин Орталық Азия Кореяның сыртқы саясатындағы басым өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. Ол Сеул Орталық Азияға қатысты саясатын қайта қарастырып, 2026 жылы өтетін C5+K Саммитіне дайындалып жатқанын жеткізді.
Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың күшеюін және C5+1 форматында сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылдың кеңеюін атап өтті. Ол 2024-2025 жылдары бұл формат Мемлекет басшылары деңгейіне көтерілгенін, Қазақстанның дәйекті көпвекторлы саясат жүргізетінін және өңірдегі конструктивті рөл атқаратын орта держава ретінде танылатынын айтты.
Елші Арыстанов парламенттік және сараптамалық байланыстарды, сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы өзара іс-қимылды және GAROK қолдауымен жүргізіліп жатқан белсенді өңіраралық дипломатияны қамтитын C5+K форматындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Ол Қазақстанда корей капиталы бар 894 компания қызмет атқаратынын жеткізді.
Сонымен қатар, гуманитарлық байланыстар да қарқын алып келеді: туристік ағын артып, білім беру бағдарламалары кеңеюде, оның ішінде Woosong университеті филиалының ашылуы және Қызылорда қаласында SeoulTech университетінің AI School жобасының іске қосылуы. Елші өңірдің ашықтығы артып келе жатқанын, соның ішінде Қазақстан мен Корея арасындағы 30 күндік визасыз режимнің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларын Сеул және Пусанмен байланыстыратын 20 тікелей әуе рейсінің бар екенін атап өтті. Бұл факторлар өзара байланыстарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды.
Пікірталас барысында сарапшылар Орталық Азияның өзгеріп жатқан болмысына, өңірдің стратегиялық маңыздылығы мен экономикалық әлеуетінің артуына және технологиялық даму сұранысына сәйкес Корея Республикасының өңірге қатысты жаңа, мақсатты стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, Корея ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, инновацияларға, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына және адами капиталды дамытуға бағытталған болашаққа бағдарланған тәсілді қалыптастыруға мүдделі.
Форумға қатысушылар Орталық Азияның геосаяси әрі экономикалық тұрғыдан өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады. Іс-шара аясында өткен сұрақ-жауап сессиясы талқылауды тереңдетуге және қосымша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 20:28 41381
Қазақстан мен Молдова екіжақты қатынастарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Примар Лилия Пилипецкидің шақыруымен Сороки қаласында болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе Қазақстан мен Молдова аумағында іске асырылып жатқан мәдени, әлеуметтік және экономикалық жобаларға өзара қатысу мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сұхбаттастар өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындау және оны жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлеу мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 16:01Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады 10.12.2025, 17:08 140006Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады10.12.2025, 16:10 139611Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134331Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 134191Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды
19.11.2025, 16:26 147216Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146841Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 146061Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады10.12.2025, 16:01 140476Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 17:08 140006Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады

