23.01.2026, 20:22 3201
Сиань тұрғындары қазақстандық тамақ өнімдеріне қызығушылық танытты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Айцзю" компаниясының базасында үшінші мәрте "Жаңа жылдық тауарлар" фестивалі ұйымдастырылды. Қытайдың жаңа жыл мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысынан 40 футтік 10 контейнерлерге тиелген отандық тамақ өнімдері Сиань қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестивальдің ашылу салтанатына Шэньси провинциясының және Сиань қаласының үкімет өкілдері, Кеден және эпидемиялогия, Сертификат және стандартизация, ретейл компанияларының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері студенттер бірлестіктері қатысып, жергілікті блогерлер мен ақпарат құралдары шақырылып, кеңінен мәлімет берілді.
Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев іс-шараға қатысушыларға Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды және отандық өнім өндірушілерге берілетін заңнамалық кепілдіктері туралы ақпаратпен бөлісті. ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан инвесторларға көрсетілетін қолдаулары жайында кеңінен баяндады.
Жыл сайын өткізілетін бұл фестиваль қос ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту үшін маңызды платформаға айналғанын ризашылықпен атап өтті. Әлемде таза экологиялық тағамға деген сұраныстың артуын негізге ала отырып, Шэньси провинциясының тамақ өндіру мен өңдеу, сатушы кәсіпорындарын Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін зерделеуге және серіктестікке шақырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Сиань қаласында жүзеге асқан Қазақстан-Қытай халықаралық логистика портының мүмкіндігін пайдаланып отандық қазақстандық өнімдердің көтерме сауда орталығын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Логистикалық орталық барлық жағынан жабдықталған және отандық өнім шығарушыларға толық қызмет көрсетуге дайын.
Қытайлық инвестор "AiJu" компаниясының басшылығы өз тарапынан қазақстандық тауарлар түрінің бұдан да кеңейетіндігін және өндірушілерге өзінің көмек қолын созуға дайын екендігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілер мен "AiJu" компаниясының арасында өзара серіктестік орнатуда, орта және жеке бизнес өнімдерінің экспорттық рұқсатнама құжаттарының ресмиленуіне Бас консулдық өз құзыреті шеңберінде мейлінше әкімшілік көмек көрсетіп отырғанын ризашылықпен атап өтті.
Форумның қорытындысы бойынша Бас консулдықтың ұсынысымен "Айцзю" компаниясы Сиань қаласының ірі Сауда орталықтарында қазақстандық тауарлардың апталық көрмесін өткізуі туралы уағдаласты.
Сиань - ежелгі Жібек жолының бастауы және қазіргі заманғы Қытай-Еуропа теміржол қатынасының негізгі торабы. Қазақстанның азық-түлік өнімдері, Қытайға қажетті минералды ресурстары және басқа да жоғары сапалы тауарларының осы торап арқылы Қытай нарығына тереңірек енуіне жол ашады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.01.2026, 22:12 261
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасан Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде болды. Кездесу барысында Қазақстанның Бакудағы Елшісі Әлім Байел қазақстандық тараптың ТүркПА қызметіне ерекше мән беретінін және алдағы уақытта да осы ұйымға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ә. Байел Бас хатшыны лауазымына кірісуімен тағы да құттықтап, оның тағайындалуымен ТүркПА қызметі одан әрі жетілдіріледі деген үміт білдірді. Сондай-ақ Елші Қазақстанда әзірленіп жатқан конституциялық реформа туралы айтып өтті.
Өз кезегінде Р. Гасан Қазақстанда Президент Қ. Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды, атап айтқанда парламенттік жүйені қайта құруды қолдайтынын білдірді.
Бас хатшы ТүркПА-ның негізін қалаушылардың бірі ретінде Қазақстанның ұйым қызметіне белсенді атсалысып отырғаны үшін алғыс айтып, жалпытүркілік парламентаралық ынтымақтастыққа жаңа серпін берілетініне сендірді.
ТүркПА кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстандағы конституциялық реформаларға қатысты ресми мәлімдеме жариялады. Онда Ассамблея Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттардың негізін нығайтуға, басқару тиімділігін арттыруға және өкілді институттарды дамытуға бағытталған бастамаларын жоғары бағалайды.
ТүркПА жүргізіліп жатқан реформаларды, ішкі және сыртқы саясаттағы теңдестірілген тәсілді, сондай-ақ Қазақстанның түркі әлеміндегі стратегиялық рөлін қолдайтындығын атап өтті. Ассамблея тұрақты даму мен түркі мемлекеттері халықтарының әл-ауқаты мүддесінде тәжірибе алмасуды және іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2026, 21:10 66
Қазақстан Солтүстік Еуропаның жетекші компаниясымен серіктестігін нығайтуда
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов "Fortum" Солтүстік Еуропаның жетекші энергетикалық компаниясының Вице-президенті Анни Яаариненмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы атом энергетикасын дамытуды, сондай-ақ тұрақты дамуды, таза энергияны және озық технологияларды енгізуді қоса алғанда, энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қадамдарды талқылады. Бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Қазақ дипломаты елдің энергетика секторына озық халықаралық тәжірибені тартуға мүдделілігін атап өтіп, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды атап өтті.
Тараптар байланыстар мен ақпарат алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2026, 19:15 3416
Пхукет аралында Қазақстан консулдығы ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Пхукет аралында Қазақстан консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бұл оқиға қазақ-тай қарым-қатынастарының дамуы жолындағы елеулі кезеңге айналып, екі ел арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және туристік ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Пхукеттегі Консулдығының ашылуы ерекше мәнге ие, себебі бұл аралда ашылған үшінші ресми дипломатиялық өкілдік болып отыр. Аталған жайт екіжақты байланыстардағы өзара сенімнің жоғары деңгейі мен қарым-қатынастардың қарқынды дамуын айқындайды. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған ресми дипломатия географиясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді.
Жаңа мекеменің консулдық округі Таиландтың оңтүстігіндегі 14 провинцияны қамтиды, бұл оны елдің оңтүстігіндегі өзара іс-қимылдың маңызды орталығына айналдырады. Мұндай аумақтық қамту Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін жүйелі түрде қорғауға, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге, сондай-ақ өңірдегі туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.
Салтанатты ашылу рәсіміне Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасары Виджават Исарабхакди, Пхукет провинциясының губернаторы Нират Понгситтаворн, Таиландтың оңтүстік провинцияларының басшылығы, Пхукеттегі мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық корпус, қазақ диаспорасы, іскер топтар, туристік қауымдастықтар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында сөз сөйлеген Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Пхукетте Консулдықтың ашылуы Қазақстан мен Таиланд арасындағы сенімді әрі достық қарым-қатынастардың практикалық дәлелі екенін атап өтті. "Пхукет Қазақстан азаматтары үшін маңызды бағыттардың біріне айналды. Консулдықтың ашылуы отандастарымызға жақын болуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жедел қолдау көрсетуге, сондай-ақ Таиландтың оңтүстік өңірлерімен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді" - деп мәлімдеді қазақ дипломаты.
Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасары Виджават Исарабхакди өз сөзінде тай-қазақ қарым-қатынастарының бірізді әрі орнықты даму сипатын атап өтіп, Пхукетте Консулдықтың ашылуын екіжақты ынтымақтастықтың серпінді дамуын айқындайтын практикалық қадам ретінде бағалады. "Қазақстан Таиланд үшін Орталық Азиядағы маңызды әріптес болып табылады. Пхукетте Консулдықтың ашылуы туризм, сауда, инвестициялар және гуманитарлық алмасулар салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ықпал етеді" - деді тай дипломаты.
Пхукет провинциясының губернаторы Нират Понгситтаворн өз сөзінде Қазақстанның Таиланд үшін сенімді әріптес ретіндегі маңызын атап өтіп, Консулдықтың ашылуы туризм, сауда және мәдени алмасулардың дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді. "Пхукет қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығының ашылуын қуанышпен қарсы аламыз. Бұл оқиға халықтарымыз арасындағы байланыстарды нығайтып, ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады" - деп мәлімдеді губернатор.
Іс-шараның салтанатты бағдарламасы барысында домбырамен музыкалық шығармалар орындалды. Оның әуені қонақтардың назарын жаулап, мәдени диалог пен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастырды. Қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, Қазақстанның бай тарихи әрі аспаздық мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Пхукет қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығының ашылуы Қазақстан мен Таиландтың ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге, азаматтардың мүдделеріне сай келетін жан-жақты серіктестікті дамытуға және екі ел арасындағы достықты нығайтуға ұмтылысын тағы бір мәрте растады.
Пхукет - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі әрі халықаралық туризмнің ең танымал бағыттарының қатарына жатады.
Таиландқа жыл сайын шамамен 35 миллион шетелдік турист келеді, соның ішінде 12 миллионға жуығы Пхукет аралына тиесілі. 2025 жылы Таиландқа 200 мыңға жуық Қазақстан азаматы келген.
Консулдықтың округіне Таиланд Корольдігінің оңтүстігіндегі 14 провинция кіреді: Чумпхон, Краби, Накхон Си Тхаммарат, Наратхиват, Паттани, Пхангнга, Пхаттхалунг, Пхукет, Ранонг, Сатун, Сонгкхла, Сурат Тхани, Транг және Яла.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2026, 18:13 3631
Белградта қазақ-серб ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту министрі Ненад Поповичпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында М.Атамқұлов Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерімен таныстырып, түрлі салаларда дамытуға арналған перспективалық бағыттарға назар аударды.
Атап айтқанда, қазақ дипломаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу, Сербия тарапының Қазақстанның көлік-логистика секторына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ, екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыру және өзара тауар айналымын әртараптандыру мәселелерін көтерді.
Өз кезегінде Н.Попович Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты дамуына оң баға берді. Оның айтуынша, ел басшылығы достас Қазақстанмен қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді. Осы тұрғыда серб тарапының екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге арналған Қазақстан-Сербия екіжақты қарым-қатынастарының даму динамикасына қосымша серпін беруге бағытталған нақты жоспарлармен алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2026, 17:11 3826
Қазақстандағы конституциялық реформалар ЕҚЫҰ-да таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңесінің кезекті отырысы барысында Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді Қызылордада өткен 5-ші Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған алдағы ауқымды саяси және конституциялық реформалар туралы хабардар етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Конституциялық реформалар туралы шешімді алдағы ұлттық референдумда Қазақстан халқы қабылдайтыны аталып өтті.
Алдағы саяси жаңғыртудың негізгі аспектілері "Құрылтай" деп өзгертілген бір палаталы парламентке көшу, жоғары кеңесші орган - Халық кеңесін құру және Вице-президент лауазымы болады. Осыған байланысты Қазақстан Президентінің Жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі арнайы комиссия құрылғанына назар аударылды.
Қазақстан өкілі Қайрат Малаев парламент партиялық тізімдерден бес жылдық мерзімге пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша сайланатын 145 мүшеден тұратынын атап өтті. Партиялық тізімдердегі жастарға, әйелдерге және мүгедектерге арналған 30% квоталар, сондай-ақ 5% сайлау шегі күшінде қалады.
Сонымен қатар, Халық кеңесі этномәдени бірлестіктердің, ірі қоғамдық ұйымдардың, жергілікті өкілді органдардың және өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдерінен тұратын 126 мүшеден тұрады, осылайша қазақстандық қоғамның кең әртүрлілігін көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2026, 13:08 4026
Мехикода Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігінде Қазақстанның Мехико қаласындағы Құрметті консулдығын ашу рәсімі салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Елшілігі, Қазақстанның Мехикодағы Құрметті консулы Карлос Баррера, Мексика Сыртқы істер министрлігінің Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс жөніндегі Бас директоры Анибал Гомес Толедо, Бас Конгресі Депутаттар палатасының депутаты және "Қазақстан-Мексика" парламенттік достық тобының төрайымы Марибель Мартинес Руис, Мексика Экономика министрлігінің, Мехико қаласының "Мигель Идальго" аудандық әкімдігінің өкілдері, Мексиканың Ұлттық өңдеуші өнеркәсіп палатасына (CANACINTRA) мүше іскер топтар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараны құттықтау сөзімен ашып, Қазақстанның Мекискадағы Елшілігінің кеңесшісі Ерлан Құбашев еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елде жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалар туралы баяндады.
Сонымен қатар, қазақ дипломаты Мексика Сыртқы істер министрлігіне К.Баррераның кандидатурасын қолдап, тағайындағаны үшін алғыс білдіріп, оның екі ел арасындағы байланыстарын дамытуға қосып отырған елеулі үлесін және Елшілікпен тығыз өзара іс-қимылын атап өтті.
Іс-шара барысында Құрметті консулдықтың ашылуы Қазақстан-Мексика қатынастарын дамытудағы маңызды кезең екені аталып өтті. Құрметті консулдар институты халықаралық байланыстарды кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында тиімді құрал ретінде өзін жақсы қырынан көрсетті.
Мексика Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры А.Гомес Толедо екіжақты қатынастардың жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Мексика арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толуымен құттықтады. Ол сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы Мексика үшін маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне тоқталып, Мексикаға келетін қазақстандық туристер санының артып келе жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл өзара сенімнің нығаюын және халықтар арасындағы байланыстардың кеңеюін көрсетеді.
Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мехико қаласындағы Құрметті консулы болып тағайындалған К.Баррера қазақстандық тарапқа, сондай-ақ Мексика Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігіне көрсетілген жоғары сенім үшін алғыс білдірді. Ол сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты байланыстарды дамытуға, сондай-ақ екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды ілгерілетуге барынша жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.
Рәсім қорытындысы бойынша К.Баррераға Мексика Сыртқы істер министрлігі берген Құрметті консулдың ресми куәлігі табысталды.
Қазақстан Республикасының Мехико қаласындағы Құрметті консулы болып тағайындалған К.Баррера - мексикалық кәсіпкер, Мексиканың Ұлттық өңдеуші өнеркәсіп палатасының (CANACINTRA) өнеркәсіп секторы бойынша вице-президенті.
Мехико қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығы 2018 жылы Халиско және Наярит штаттарын қамтитын консулдық округпен ашылған Гвадалахара қаласындағы Құрметті консулдықтан кейін Мексика аумағындағы Қазақстанның екінші құрметті консулдық мекемесі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2026, 12:02 4466
Алты мемлекеттің көшбасшылары 2026 жылы Иорданияда соғыс кезінде адамзаттық құндылықтарды сақтауға арналған жоғары деңгейдегі конференцияны өткізу туралы жариялады
Достарға айту
Бүгін халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманың алты негізін қалаушы мемлекет 2026 жылдың төртінші тоқсанында Иордания Хашимит Корольдігінде соғыс кезінде адамзаттық құндылықтарды сақтауға арналған жоғары деңгейлі конференция өтетінін жариялайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлы Мәртебелі Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн және Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасы басшылары Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен әріптестікте барлық мемлекеттердің басшыларын осы шешуші кезеңде бірлесіп әрекет етуге шақырады. Біз соғыс жүргізу ережелерінің қақтығыс кезіндегі ортақ адамгершілігімізді сақтауда іргелі маңызға ие екенін және бұл ережелердің әмбебап, әділ әрі дәйекті түрде сақталуы тиіс екенін бір ауыздан растап, бірлік танытуымыз қажет.
Соғыстағы қатыгездікті, ақылға қонымсыз адамзаттық азап-қайғыны және залалды тоқтатуға деген терең жауапкершілік пен шұғыл қажеттілікті сезіне отырып, Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасы Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп, 2024 жылғы қыркүйекте халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастаманы іске қосты.
Бүгінгі күнге дейін әлемнің барлық өңірлерінен тоқсан тоғыз мемлекет халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастамаға ресми түрде қосылды. Жиырма жеті мемлекет халықаралық гуманитарлық құқықты құрметтеуді нығайтуға және соғыс жүргізудің қазіргі заманғы өзгерістері туындатқан сын-қатерлерді шешуге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін жеті тақырыптық жұмыс бағытын бірлесіп үйлестіруде. Біз барлық мемлекеттерді осы күш-жігерге қосылып, соғыс уақытында зұлымдықтың алдын алып, адамзаттық құндылықтарды қорғау бойынша ортақ жауапкершілігіміз төңірегінде бірігуге шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2026, 11:58 4711
Қазақстандағы реформалар Өзбекстан парламентарийлерінің назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының Спикері Нуриддин Исмоиловпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралардың күн тәртібін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын талқылады.
Сонымен қатар, Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында елдің қоғамдық-саяси дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған жаңа бастамаларды ұсынғаны жөніндегі негізгі қорытындылармен өзбек тарапын таныстырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының "Turkistan" газетіне берген жуырдағы сұхбаты туралы мәлімет берілді.
Б.Атамқұлов конституциялық реформаларға, оның ішінде бірпалаталы парламентті құруға, "Халық кеңесі" институтын енгізуге және Қазақстан Республикасының Вице-президенті лауазымын қалыптастыру туралы бастамаларға ерекше назар аударды.
Өзбекстан Олий Мажлисінде жуырда орын алған реформаларды ескере отырып, қазақ дипломаты өзбек парламентарийлерін Қазақстан Елшілігінде өтетін, Ұлттық құрылтай отырысының қорытындыларына арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырды.
Н.Исмоилов Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы баяндамасын жоғары бағалап, ұсынылған бастамалардың өзектілігін атап өтті. Заң шығару палатасының Спикері Өзбекстанда Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды үлкен қызығушылықпен бақылап отырғандарын айтып, депутаттардың дөңгелек үстелге қатысуға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар қазақ-өзбек парламентаралық қатынастарды нығайту мақсатында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 17:59Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды 20.01.2026, 18:03 196576Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді20.01.2026, 18:14 196341Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады20.01.2026, 22:18 195936Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті21.01.2026, 10:52 195691Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі
06.01.2026, 20:48 200551Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі20.01.2026, 17:59 196856Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды20.01.2026, 18:03 196576Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді20.01.2026, 18:14 196341Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады20.01.2026, 22:18 195936Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті

