14.01.2026, 15:20 2556

Женевада 2026 жылға жоспарланған Өкілетті конференцияға дайындық мәселелері талқыланды

Женевада 2026 жылға жоспарланған Өкілетті конференцияға дайындық мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Бүгін Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен ХЭО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елші Қазақстан Республикасы Президентінің Өңірлік экологиялық саммитке қатысу жөніндегі ресми шақыруын Бас хатшыға табыстап, орнықты даму мақсатындағы цифрлық шешімдер саласында өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ ХЭО-ның 2026 жылғы Өкілетті конференциясына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты және Қазақстанның Халықаралық электр байланысы одағының жұмысына белсенді қатысуға мүдделілігін растады.

Кездесу барысында практикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне, соның ішінде ХЭО алаңында Қазақстанның сарапшыларының қатысуымен бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін пысықтауға ерекше назар аударылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны