04.06.2013, 17:11 28546

2012 жылы тау-кен секторындағы жарақаттану жағдайлары 22%-ға төмендеді

Бұл туралы ТКК жұмысшыларының кәсіби одағы төрағасының орынбасары Қазбек Валиев Қазақстанның Тау-кен кешені күндерін өткізуге арналған баспасөз конференциясында мәлім етті.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - 2012 жылы тау-кен секторындағы жарақаттану жағдайлары 22%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ТКК жұмысшыларының кәсіби одағы төрағасының орынбасары Қазбек Валиев Қазақстанның Тау-кен кешені күндерін өткізуге арналған баспасөз конференциясында мәлім етті.

"2012 жылдың нәтижесі бойынша жарақаттану жағдайлары 22%-ға төмендеген... Коэффициент 2,9 болса, қазір 2,2", - деді Қ.Валиев.

Сонымен қатар, ол барлық мәліметтер объективті және өңірлерден алынғанын атап өтті.

Оған қоса, кәсіби одақ төрағасының орынбасары ТКК секторындағы жалақыға қатысты өзекті мәселені сөз етіп, бүгінгі таңда ТКК саласындағы орташа номиналды жалақы 106 мың теңгені құрайтынын айтты.

Бұдан өзге, орташа есеппен алғанда жалақы соңғы 3 жылда 57%-ға артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны