01.08.2007, 17:10 2932

2-тамызда "Прогресс М-61" жүк кемесінің ұшырылымын Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің жаңа басшысы қадағалайды

БАЙҚОҢЫР. 1 тамыз. Kazakhstan Today. 2-тамызда "Прогресс М-61" жүк кемесінің ұшырылымын Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің жаңа басшысы қадағалайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Байқоңыр ғарыш айлағына "Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешені" ААҚ акционерлерінің кезектен тыс жиынында 31-шілдеде басшылыққа сайланған Виталий Лопота ресми түрде келді. Ол Ресейдің бір жетекші ғарыштық мекемесінің басшысы, кеше отставкаға кеткен Николай Севастьяновты алмастырды.

"Роскосмос" компаниясындағылардың хабарлауынша, 57 жастағы Виталий Лопота пилотты космонавтика саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға атсалысады. В. Лопота - техника ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, ол Ресейдің мемлекеттік ғылыми орталығы - "Роботтық техника және техникалық кибернетика жөніндегі орталық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық институты" мемлекеттік ғылыми орталығының директоры- бас конструкторы болып табылады, ол сондай-ақ Санкт-Петербург қаласындағы Орталық ғылыми-зерттеу институты микроробототехника және техникалық кибернетика орталығының директоры қызметін атқарған. В. Лопота қазіргі заманғы пилотты ғарыштық кешендердің бірқатар жүйелерін жасап, пайдалану жұмыстарына атсалысқан, ғарыштық станцияларды құрастыру мен пайдалануға арналған робот-манипуляторларды жасау технологиялары мен пайдалану тұжырымдамаларының жобасын жасауға сүбелі үлес қосқан.

"С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешені" ААҚ президенті Виталий Лопота "Энергия" Байқоңырдан 2-тамызда жүзеге асыратын бірінші ұшырылым - "Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышын ұшыруға қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Прогресс М-61" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

"Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны