18.12.2015, 14:23 185116

Ил-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық 7 зерттеу жұмысыныӊ авторларына табысталды - ҚР БҒМ

Ил-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығы 7 ғылыми-зерттеу жұмыстарыныӊ ғалым-авторларына табысталды, деп мәлімдеді бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев ОКҚ брифингінде

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ил-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығы 7 ғылыми-зерттеу жұмыстарыныӊ ғалым-авторларына табысталды, деп мәлімдеді бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР Президентініӊ 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасыныӊ Ил-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығы 7 жұмысқа тағайындалды", - деді Т.Балықбаев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Аталған жұмыстардыӊ ішінде, оныӊ айтуынша, "Плазманыӊ кванттық және коллективтік қасиеттері: жаӊа технологиялардыӊ теориялық негіздері" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, "ҚР ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымыныӊ әдістері мен технологияларын дамыту" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, "Илемдік технология нарығында Қазақстанныӊ мәртебесін көтерген және еліміздіӊ инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, "Қазақстанда бекіре шаруашылығыныӊ ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін және басқалары.

Барлығы Ил-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияныӊ қарауына 26 жұмыс ұсынылды.

Естеріӊізге салсақ, ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықты табыстау салтанаты үстіміздегі жылдыӊ 14 желтоқсанында Ақордада өтті.

Ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлық лауреаттары атағына 40 отандық ғалым ие болды, олардыӊ 4-уі әйелдер және 3-уі 35 жастан аспаған жас ғалымдар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны