08.02.2008, 14:21 2910

Байқоңырда бүгін - "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігінің ұшырылым кешеніндегі екінші дайындық күні

Байқоңырда бүгін - "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігінің ұшырылым кешеніндегі екінші дайындық күні

Байқоңыр. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін - "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігінің ұшырылым кешеніндегі екінші дайындық күні, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары 7 ақпанда №200 алаңның ұшырылым кешеніне орнатылған "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігін ұшырылымға дайындаудың қорытынды операцияларын өткізуде.

Кеше бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмыстар жүргізіліп, зымыран ұшырылым кешенімен түйістірілді.

Бүгін ұшырылым кешенінде екінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес, шаралар жүзеге асырылды. Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро мамандары, М. Хруничев атындағы орталық, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары зымыран тасығыштың ұшырылымға дайындығын аяқтап келеді.

Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Салмағы 2450 килограмм болатын, "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жіберетін болады.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты 24 транспондермен қамтамасыз етіліп, Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған. Жер серігі 15 жыл бойы адамдарға қызмет жасайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны