25.12.2006, 12:34 2708

Байқоңырда Францияның "Сorot" жер серігі мен "Союз-2.1б" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

БАЙҚОҢЫР. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Байқоңырда Францияның "Сorot" (Cоnvection Rоtation and planetary transits) жер серігін алып ұшатын "Союз-2.1б" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогын ұшыруға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, жексенбі күні жергілікті уақытпен 7 сағат 30 минутта зымыран тасығыш монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, №31 алаңның ұшырылым кешеніне орнатылды. "Қазір Ресейдің ғарыш саласы кәсіпорындарының қызметкерлері ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін екінші күннің кестесіне сәйкес тексеруде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұшырылым 27-желтоқсанға Астана уақытымен 20 сағат 23 минутқа межеленген. "Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан 2006-жылы жүзеге асырылатын соңғы ұшырылым",- деп хабарлайды орталық.

"Сorot" -диаметрі 30 см-лік екі парабола түріндегі айналардан тұратын фокустық қашықтығы 1,1 метрлік телескоп орнатылған шағын жер серігі. Жер серігінің салмағы 600 килограмм, телескоптың салмағы - 300 килограмм.

Жоба бойынша бұл телескоп 2,5 жылда 120 мың жұлдызды бақылауға мүмкіндік беруге тиіс. Оның басты мақсаты - жұлдыздардың жарықтығындағы мардымсыз өзгерістердің өзін анықтау. Алынған ақпараттардың негізінде осы жұлдыздардың салмағын, жасы мен химиялық құрамын анықтауға, сондай-ақ Жермен бірдей мөлшердегі ғаламшарлары бар, мөлшері жағынан да бірдей жұлдыздарды табуға болады, дейді ғарыш мамандары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны