11.08.2008, 18:43 2841

Байқоңырда Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы алып ұшатын Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының ұшырылымына түзетілген кестемен дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5 тамызда Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы алып ұшатын Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының 14 тамызға белгіленген ұшырылымы кейінге шегерілді. "Байқоңырда ұшырылым алдындағы сынақтарды өткізген кезде "Бриз-М" үдеткіш блогының бортындағы есептегіш кешеннің ақаулары анықталған. Есептеу кешені алмастырылды.

Бұдан кейін "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны