17.09.2007, 12:47 9346

Байқоңырда К. Циолковскийдің 150 жылдық мерейтойын атап өтуде

Байқоңырда К. Циолковскийдің 150 жылдық мерейтойын атап өтуде, ол 1857 жылдың 17 қыркүйегінде туған, деп хабарлайды агенттік тілшісі. .

Байқоңыр. 17 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін" - Бүгін Байқоңырда ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің мерейтойы атап өтілуде, ол 1857 жылдың 17 қыркүйегінде туған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Константин Циолковский - зымыран теориясы мен сұйықтықпен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқыштары жөніндегі теорияның негізін қалаушы тұңғыш ресейлік ғалым, ол зымырандарды ғаламшарлар арасындағы барыс-келіс мақсатында пайдалану мүмкіндігінің негізін алғаш рет түсіндіріп, ғарыштану мен зымыран жасау ғылымдарын дамытудың тиімді жолдарын көрсетіп, зымырандар мен қозғалтқыштардың конструкциясына қатысты бірқатар маңызды инженерлік шешімдерді тапқан. К. Циолковский алыс қашықтықта ұшатын және ғаламшарлар арасында қатынайтын зымырандардың бірқатар нобайларын ұсынды. Ол зымыранның қозғалысын есептеуге қажетті атақты "Циолковский формуласын" шығарды.

Оның реактивтік қозғалыс теориясы 1896 жылы жария етілді. 1903 жылы ол "Ғаламдық кеңістікті реактивті аспаптармен зерттеу" атты мақаласының алғашқы бөлімін жариялады. 1926 - 1929 жылдарда К. Циолковский көп сатылы зымырандардың теориясын ойлап тапты. Ол атмосфераның зымыранның ұшуына тигізетін әсерін қарастырып, Жердің ауа қабатының қарсыластық күшін жеңіп шығуға қажетті отын қорын есептеп шығарды, зымыран отынының бір құрамды бөлігі ретінде оттегін ұсынды.

К. Циолковский бірінші болып орбиталық станцияларды Күннің қуатын пайдаланатын жасанды мекенге айналдыру және ғаламшарлар арасындағы байланыстың аралық базасы ретінде пайдалану жөніндегі идеяны ұсынып, ұзаққа созылатын ғарыштық сапарлар кезінде туындайтын медициналық-биологиялық проблемаларды зерттеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны