29.08.2007, 16:26 2988

Байқоңырда қыркүйекке межеленген екі ғарыштық ұшырылымға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңырда қыркүйектің басына межеленген екі ғарыштық ұшырылымға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29-тамыз. БАЙҚОҢЫР. Байқоңырда қыркүйектің басына межеленген екі ғарыштық ұшырылымға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, М.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғылыми-өндірістік ғарыштық орталығы, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы мен JSAT Corporation мамандары "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен JSAT-11 ғарыштық аппараты түйістірілген бас бөлікті құрастырып бітірді. "Бүгін дайындық жұмыстарының жоспарына сәйкес, зымыран тасығыштың электр жабдықтары тексеріліп жатыр, бұдан кейін "Протон" зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне шығарылып, онда жапон жер серігінің ұшырылым алдындағы дайындықтары басталады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы орайда еске салсақ, "Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогы мен JSAT-11 ғарыштық аппараттарнын алып 6 қыркүйекте Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп межеленген (Мәскеу уақытымен 2.43 ).

Сонымен бірге, баспасөз қызметі "Союз-У"зымыран тасығышы "Фотон-М" ғарыштық аппаратын алып ұшатынын еске салады. Бір апта бойы монтаж-сынақ корпусында "Фотонның" түсірілетін аппаратына жабдықтар мен аспаптарды орналастыру жұмыстары жүргізілген.

Үшінші реттік саны бар ғылыми "Фотон-М-3" жер серігі (бірінші "Фотон-М-1" 2003-жылы апат кезінде жойылса, екіншісі өз миссиясын 2005-жылдың мамыр-маусым айларында табысты атқарып шыққан) ресейлік және еуропалық конструкторлардың бірегей жобасы болып табылады және ол Самарадағы "ЦСКБ-Прогресс" зауытында жасалған. Ғарыштық аппараттың салмағы 6,5 тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Түсірілетін аппарат жерге 650 кг дейін салмағы бар ғылыми жабдықтарды қайта жеткізе алады. Жалпы алғанда "Фотон-М-3" аппаратында жалпы салмағы 640 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.

Жер серігі ғарыш кеңіс тігінде 12 тәулік бойы жұмыс істейді. Ұшырылымнан кейін "Фотон-М-3" түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді. "Фотон-М" ғарыштық аппараты мен "Союз-У" зымыран тасығышы 14 қыркүйекте ұшырылады деп жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны