08.12.2006, 13:26 2596

Байқоңырда "Measat-3" жер серігі мен "Протон-М" зымыраны Байқоңырдағы ұшыру кешеніне орнатылды

БАЙҚОҢЫР. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңырда Малайзияның "Measat-3" ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын "Протон-М" зымыран тасығышы 200-ші алаңның ұшыру кешеніне орнатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Малайзияның "Measat-3" ғарыштық аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстарының қорытынды кезеңін бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның отырысында кеше кешке қабылданды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Протон-М" зымыран-тасығышы жергілікті уақытпен 7 сағатта 92-1 -ші алаңның монтаж-сынақ корпусынан шығарылып, зымыран тасығыштың басжақ бөлігі, "Measat-3" ғарыштық аппараты мен "Бриз-М" үдеткіш блогын толық құрастыру жұмыстары жүргізіліп, артынан ол 200-ші алаңның "ұшыру үстеліне" тікесінен -тік орнатылды.

Қазір М.Хруничев атындағы орталық мамандары зымыран тасығыштың жүйелері мен ұшыру кешенінің жүйелерін бірінші ұшырылым күнгі кесеге сәйкес тексеруге кірісті.

"Measat-3" ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы 12-желтоқсанда Астана уақытымен 5 сағат 28 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан ұшырылады деп межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "MeaSat-3" ғарыштық аппаратын "Boeing" компаниясы Малайзияның "Binariang Satellite Systems Sdn. Bhd." спутниктік байланыс операторына арнап жасаған.

"MeaSat-3" телекоммуникациялық жер серігі Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Азия және Австралия тұтынушыларына қызмет көрсетуге арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны