10.04.2008, 14:54 2982

Байқоңырда "Прогресс М-64" кемесін ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышының дайындықтары басталды

Байқоңырда "Прогресс М-64" кемесін ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышының дайындықтары басталды

Байқоңыр. 4-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-64" кемесін ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышының дайындықтары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін 2008 жылдың мамыр айының ортасында ұшыру межеленген.

Жүк таситын "Прогресс М-64" кемесін ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышының дайындықтары да №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында басталды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Самараның "Прогресс ОКБ"

мамандары "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандарымен бірлесіп, зымыран тасығыштың екінші сатысының блоктарын жұмыс орындарына қоюда. Бірінші сатының блоктары тексеруден кейін пневматикалық сынақтарды жүргізуге дайындалады.

Сонымен бірге, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 25-наурызда жеткізілген "Прогресс М-64" жүк кемесінің жүйелеріне электр сынақтарын жүргізуде.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылатын пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны