08.05.2008, 18:27 2836

Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесіне бас обтекательді орнату жұмыстары жүріп жатыр

Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесіне бас обтекательді орнату жұмыстары жүріп жатыр

Байқоңыр. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесіне бас обтекательді орнату жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмос" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін "Роскосмос" кәсіпорындарының мамандары №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесіне авторлық тексеру жасап, содан кейін бас обтекательді орнату жұмыстарына кірісті.

Обтекательдің монтажы жасалғаннан кейін "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданады. Онда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесі жинақталып құрастырылады.

12 мамыр күні "Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесімен құрастырылғаннан соң "ұшыру үстелінде" тігінен орнатылу және дайындық жұмыстарын жалғастыру үшін №1 алаңның ұшырылым кешеніне жеткізіледі.

Сонымен бір мезгілде ғарыш айлағының мамандары №1 алаңның ұшырылым кешенінде сынақтар кешенін өткізеді және байланыс бойынша жаттығулар өткізеді.

17-ші экспедиция экипажына арналған жүк тиеген "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесін "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 15 мамыр күні Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минут) ұшыру жоспарланған.

"Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Олар станция орбитасын сақтап тұратын жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құралдар, Халықаралық ғарыш станциясына 8 сәуірде ұшқан 17 экспедиция экипажының шығындық материалдары.

Сондай-ақ, ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 90 грузин ұлуын жеткізеді. Оларды вестибулярлық аппарат пен ұлпа жасушасының регенерациясына салмақсыздықтың етер әсері бойынша тәжірибеден өткізетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны