23.10.2006, 13:09 3928

Байқоңырда "Прогресс" жүк таситын кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

БАЙҚОҢЫР. 23-қазан. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс М-58" жүк таситын кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді.

Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін 1 -алаңның ұшыру кешенінде мамандар "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-58" жүк таситын кораблінің жүйелерін, борт және жер үсті жабдықтарын тексерістен өткізуде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-58" жүк таситын кораблі бүгін Астана уақытымен 19 сағат 40 минутта ұшырылуға тиіс.

"Прогресс М-58" жүк таситын кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, су және 14-негізгі экспедициядағы ғарышкерлерге арналған азық-түлік тауарлары, ғылыми жабдықтар мен Ресейдің "Электрон" оттегін регенерациялау жүйесін қайта іске қосуға арналған жабдықтарды жеткізеді. Жүктің жалпы салмағы 2,5 тоннаға жетеді.

Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл Халықаралық ғарыш станциясына биыл жол тартатын осымен үшінші жүк кораблі. Бұған дейін олар сәуір және маусым айларында ұшырылды. Келесі жүк таситын "Прогресс" желтоқсанның ортасына аспан кеңістігіне жол тартады. Жалпы алғанда жыл басынан бері Байқоңырдан ғарыштық мақсаттағы түрлі 12 зымыран, соның ішінде жеті "Союз" зымыран тасығышы ұшырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны