28.05.2009, 15:07 2616

Байқоңырда "Сириус-ФМ-5" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға бағытталған дайындықтар одан әрі жалғасуда

Байқоңырда "Сириус-ФМ-5" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға бағытталған дайындықтар одан әрі жалғасуда

Алматы. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыраны мен "Сириус-ФМ-5" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға бағытталған дайындықтар одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында Ресейдің ғарыш саласының мамандары "Протон-М" зымыран тасығышының сынақтары үшін схемаларды құрастырып, зымыранның екінші және үшінші сатыларын тексеруден өткізуде.

Осы корпуста ғарыштық аппараттың дербес сынақтарын шетелдік мамандар жүргізуде.

"Протон-М" зымыраны "Бриз-М" үдеткіш блогымен және АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігімен бірге 2009 жылдың шілде айының басында ұшырылады деп жоспарланған.

Sirius FM5 аппаратын "Лорал" (Space Systems Loral) компаниясы АҚШ-тың "Сириус-Радио" (Sirius XM Radio Inc) операторының тапсырысы бойынша LS-1300 платформасының негізінде жасап шығарған. Жер серігі телекоммуникациялық қызмет көрсетіп, геостационарлық орбитада 15 жыл жұмыс істейді.

Сонымен бірге, Байқоңырда Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратын ұшыру дайындықтары қарқынды жүзеге асырылуда.

Ғарыштық аппарат ғарыш айлағының №31 алаңының монтаж-сынақ корпусында тексерілуде.

Осы монтаж-сынақ корпусында ДМ-SLБ үдеткіш блогы да тұр, ол №31 алаңының жанармай құю станциясында жанармай құйылған соң осында жеткізілген.

№42 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Зенит-2SБ" зымыран тасығышының сынақтары үшін схемалар құрастырылуда.

"Зенит-2SБ" зымыран тасығышын ДМ-SLБ үдеткіш блогымен және Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының №45 алаңынан 2009 жылдың 22-маусымында ұшыру жоспарланған.

Байқоңыр - ұшырылымдардың санымен әлемде әлі де алда келеді. Бүгінгі жағдаймен жылдың бастапқы бес айында 30 ғарыштық зымыран ұшырылды, оның 8-і Байқоңырдың үлесінде. Төрт ұшырылым Плесецк (Ресей) айлағынан іске асырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны