19.02.2008, 16:12 2845

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін көктемде Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін көктемде Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 19-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін көктемде Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ғарыш айлағы мамандары Байқоңырға 5-ақпанда жеткізілген "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералды ғарыштық "Байқоңыр" орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында кеме жүйесін тексеріп, электрлік сынақтар жүргізуде.

"Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа алып ұшуға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыш айлағына жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Зымыран жеткізілгеннен кейін ғарыш құралын ұшыруға дайындаудың қарқынды кезеңі басталады.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.

Кеме құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Коны Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келеді деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны