11.08.2009, 13:00 1441

Байқоңырда "Союз ТМА-16" транспорттық пилотты кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда "Союз ТМА-16" транспорттық пилотты кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Байқоңырда "Союз ТМА-16" транспорттық пилотты кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, ол Халықаралық ғарыш станциясына ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде ұшырылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына 9 тамызда жеткізілген "Союз ТМА-16" транспорттық пилотты кемесі тасымалдау агрегатынан түсіріліп, электр сынақтары стендіне орнатылды. Бұл жұмыстардан кейін С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық корпорациясы қызметкерлері тексеру операцияларына кірісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны