09.11.2007, 17:50 3153

Байқоңырда төрт ғарыштық ұшырылымға дайындалуда

Байқоңырда төрт ғарыштық ұшырылымға дайындалуда

Байқоңыр. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда төрт ғарыштық ұшырылымға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағында 18 қарашада "Протон-М" зымыран тасығышы Швецияның Sirius-4 жер серігін, 8 желтоқсанда "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Канаданың RADARSAT-2 жер серігін, 23 желтоқсанда "Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-62" транспорттық жүк кораблін, 25 желтоқсанда "Протон-К" зымыран тасығышы үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктерін алып ұшады.

Байқоңырда Sirius-4 жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бүгін М. Хруничев атындағы орталық мамандары ғарыштық апараттың бас бөлігін "Протон-М" зымыран тасығышымен түйістіру үшін тасымалдады. Зымыран тасығышты штаттық тексеру жұмыстары басталады, ал "Бриз-М" үдеткіш блогы отын құюға дайындалмақ. "Протон-М" зымыран тасығышын жаппай құрастыру 13 қарашаға белгіленген.

Sirius-4 ғарыштық аппараттарын "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогының көмегімен ұшыру 18 қарашаға межеленген.

Бұған қоса Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындықтар басталды. Бұл ұшырылым желтоқсанға межеленген.

Сондай-ақ, "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарын алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізіле бастады. Ғарыш айлағының мамандары геостационар орбитаға "Глонасс-М" жер серіктерін шығаруға арналған ДМ үдеткіш блогын ұшырылымға әзірлеуде. "Глонасс-М" ғарыштық аппараттары мен "Протон-К" зымыран тасығышы 25 желтоқсанда ғарышқа жол тартады.

Сонымен қатар №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Прогресс М-62" транспорттық кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. С.Королев атындағы ҒЗК бас кәсіпорны мен байқоңырлық филиалының мамандары мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары ғарыш кемесінің электр жүйелерін тексеруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны