08.04.2008, 19:47 3333

Байқоңырдан экипаж ғарышкерлері бар Союз ТМА-12" ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

Байқоңырдан экипаж ғарышкерлері бар Союз ТМА-12" ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

Байқоңыр. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" " - Байқоңырдан экипаж ғарышкерлері бар Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің ұшырылымы ойдағыдай өтті , деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағының №1 алаңынан Астана уақытымен 17 сағат 16 минутта "Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің ұшырылымы ойдағыдай өткізілді

Ұшырылым алдындағы зымыран тасығышының, ұшырылым кешені мен ғарышкерлер экипажының дайындық жұмыстары бекітілген кесте бойынша жасалып, ұшырылым штаттық режимде нақты уақытында жасалды.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің ғарышкерлері Сергей Волков, Олег Кононенко (Ресей) сондай-ақ, ғарыш ұшырылымының қатысушысы (Оңтүстік Корея) азаматшасы Йи Сойон жер қасындағы орбитасына шығарылды.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі 10 сәуірде екі тәуліктен соң болады.

Сергей Волков пен Олег Кононенко ХҒС жарты жыл бойы жұмыс істейтін болады, ал Йи Сойон станцияда 10 тәуліктен соң ХҒС жарты жыл бойы жұмыс істеген Юрий Маленченко және Пегги Уитсонмен бірге жерге оралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны