02.04.2010, 10:32 5671

Байқоңырдан ғарышкерлер экипажымен "Союз ТМА-18" кораблі сәтті ұшырылды

Байқоңырдан ғарышкерлер экипажымен "Союз ТМА-18" кораблі сәтті ұшырылды

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астана уақытымен сағат 10.04-те Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыштық мақсаттағы "Союз-ФГ" зымыраны транспорттық "Союз ТМА-18" пилотты кораблімен қоса сәтті ұшырылды. Корабль Жердің жасанды серігі орбитасына шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Вести.Ru" хабарламасына сәйкес, "Союз ТМА-18" Халықаралық ғарыш станциясына ұзақ мерзімді экспедицияның экипажы - ресейлік Александр Скворцов, Михаил Корниенко мен НАСА астронавты Трейси Колдуэлл-Дайсонды жеткізеді. Олар жарты жылдай уақыт орбитада жұмыс істемек.

"Союз ТМА-18" транспорттық пилотты кораблі мен Халықаралық ғарыш станциясы 2010 жылдың 4 сәуірінде мәскеу уақытымен сағат 09.26-да түйіседі деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны