22.02.2008, 15:45 3030

Байқоңырға американдық "АМС-14" спутнигін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңырға американдық "АМС-14" спутнигін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңыр. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға америкалық "АМС-14" спутнигін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметінің ақпараттарына сілтеме жасай отырып.

Бүгін Астана уақыты бойынша 12.44 "Юбилейный" аэродромына ресейдің "Полет" әуе компаниясының АН-124-100 "Руслан" ұшығымен "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді.

Үдеткіш блогы қосымша құрылғыларымен бірге осы тәулік ішінде № 92 монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі. Одан кейін "Бриз-М" 92А-50 монтаждау-сынақ корпусының стендіне орнатылады.

Осыдан кейін Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының мамандары 92А-50 монтаждау-сынақ корпусының № 101 залында "Бриз-М" үдеткіш блогын автономды түрде дайындауға кіріседі.

"Бриз-М" үдеткіш блогы америкалық "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін геостационарлық орбитаға шығаруға арналған. Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны