11.05.2006, 18:43 3240

Байқоңырға “БелКА” деп аталатын ғарыштық аппарат жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңыр арыш айлағына “БелКА” деп аталатын ғарыштық аппарат жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералдық ғарыш орталығының баспасөз хатшысы Олег Урусов хабарлады.

“Энергия“ зымыран-ғарыштық корпорациясында жасалған “БелКА” ғарыштық аппараты Мәскеуден жеткізілді, деді О.Урусов. Жерге қашықтан зонд жүргізетін жер серігі – “БелКА” Беларусь Республикасының тапсырысымен жасалған.

“Қазір арыштық аппаратты түсіру жұмыстары жүзеге асырылуа. Содан кейін ол монтаж-сынақ корпусындағы жұмыс орнына орнатылады. Ертең жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарымен айналысатын мамандар тобы ұшып келеді деп күтілуде”,- деді О.Урусов.

«Бауманец», «УниСат-4» және “КубСат» әмбебап жер серігі сынды ғарыштық аппараттармен қоса “БелКА” ғарыштық аппаратын алып ұшатын “Днепр” зымыран-тасығышы маусым айының аяғында аспан кеңістігіне жол тартады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны