22.05.2009, 15:15 2497

Байқоңырға "Зенит-2SБ" және "Протон-М" зымырандары жеткізілді

Байқоңырға "Зенит-2SБ" және "Протон-М" зымырандары жеткізілді

Алматы. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға "Зенит-2SБ" және "Протон-М" зымырандары жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 21.30-да Төретам бекетіне келген теміржол құрамы Байқоңырға "Зенит-2SБ" зымыран тасығышын жеткізді. Бұл зымыран ДМ-SLБ үдеткіш блогымен бірге Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратын ұшыруда пайдаланылады. Ол маусымда ұшырылады.

Сондай-ақ, бүгін сағат 02.30-да "Протон-М" зымыран тасығышын тиеген тағы бір теміржол құрамы келді. Бұл зымыран "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге ғарышқа АҚШ-тың "Сириус-Радио ФМ-5" атты телекоммуникациялық жер серігін шығарады. Ол маусымның аяғы- шілденің басында ұшырылады деп жоспарланған.

Байқоңыр - ұшырылымдардың санымен әлемде әлі де алда келеді. Бүгінгі жағдаймен жылдың бастапқы бес айында 30 ғарыштық зымыран ұшырылды, оның 8-і Байқоңырдың үлесінде. Төрт ұшырылым Плесецк (Ресей) айлағынан іске асырылды.

27 мамырда Байқоңырдан биылғы тоғызыншы пилотты ұшырылым жоспарлануда. Жалпы биыл Байқоңырдан 30-ға жуық ұшырылымды жүзеге асыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны