07.06.2006, 17:45 2713

Елімізде алдағы аптаның аяғына дейін Жерге қашықтан зон жүргізетін жер серігін жасауға тендер жарияланады – “Қазғарыш” басшысы

АЛМАТЫ. 7-маусым. Kazakhstan Today. Елімізде алдағы аптаның аяғына дейін Жерге қашықтан зон жүргізетін жер серігін жасауға тендер жарияланады. Бұл туралы бүгін “Қазғарыш” ұлттық компаниясы басқармаларының төрағасы Серік Тұржанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Үкімет тендер жариялауға тапсырма берді”,- деді ол. Оның айтуынша, тендерге бірнеше әлемдік компаниялар қатысады. “Еліміздің аумағына мониторинг жүргізу – еліміздің ұлттық байлығын тікелей бақылау мен есепке алу бойынша бір концепциялық міндеттердің бірі”,- деді С.Тұржанов.

“Жерге қашықтан зон жүргізетін жер серігінің техника-экономикалық негіздемесін біз жасадық. Ол қазір министрліктер мен мекемелерде қаралып жатыр. Бүгінде біз министрліктер мен мекемелерде пайда болған сауалдарға қатысты жұмыс істеп жатырмыз”,- деді С.Тұржанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны