16.09.2009, 18:43 2928

Ғарыштық қызметті дамытуға Қазақстан үш жылда 56 млрд астам теңге жұмсауды жоспарлауда

Ғарыштық қызметті дамытуға Қазақстан үш жылда 56 млрд астам теңге жұмсауды жоспарлауда

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ғарыштық қызметті дамытуға Қазақстан үш жылда 56 млрд астам теңге жұмсауды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Қазғарыш" ақпаратына сәйкес, Ғарыштық қызметті дамытуға Қазақстан үш жылда 56 млрд астам теңге жұмсауды жоспарлауда. Қазақстан үкіметі бұл қаражатты 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджетте қарастырды.

Бюджет жобасын Қазақстан парламентінің мәжілісінде таныстырған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдегеніндей, келесі жылы ғарыштық қызметті дамытуға, мақсатты ғарыштық жүйелерді құруға, жаңаша технологияларды жасап пайдалануға 6,8 млрд теңге, 2011 жылы 17,9 млрд теңге, ал 2012 жылы 31,3 млрд теңге игеру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны