12.06.2007, 16:51 2672

Қазақстан Байқоңырдан Ресейдің "Протон" зымыран тасығыштарының ұшырылымын бақылауды талап етуде

АСТАНА. 12 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыштық агенттігі Қазақстанның бақылауынсыз Байқоңырдан Ресейдің "Протон" зымыран тасығыштарының бір реттік ұшырылым жасау құқығын жою қажеттігін талап етуде. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында осы мекеменің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ресей Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 2003 жылдың 20-наурызындағы отырысының 7 хаттамасының 6,8 тармағын бір реттік ұшырылымдарды ұйымдастыру үшін пайдаланады. Мұндай ұшырылымдар қазақстанның бақылауынсыз бірнеше рет жүргізілді ... осы сылтаумен барлық ұшырылымдарды жүргізуге болады",- деп атап өтті Т. Мұсабаев. Оның пайымдауынша, "Қазақстан аумағы әрбірр ұшырылым сайын ластанып жатыр".

Осыған байланысты ол "6.8 тармақты тоқтатуды" ұсынды. ""Сыртқы істер министрлігі дипломатикалық арналар бойынша ресей жағын Қазақстан жағының көрсетілген тармақтың әрекетін қайта қарауы туралы хабардар еткен жөн", деп қосты агенттік бастығы.

Сонымен қатар Т. Мұсабаев Ресейге "бұрынырақ жарияланып, кейіннен 20-маусымнан 7-шілдеге шегерілген бір реттік "Протон" ұшырылымын" жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажет, деп санайды. "Онда үлкен АҚШ-*тың ауқымды тапсырысы бар, және ресейліктер осы келісімге тәуелді болып отыр",- деп түсіндірді ол. "Біз бұл "Протон" бір реттік ұшырылымға рұқсат беруді сұраймыз, мұны тек Қазақстанның үкіметі ғана істей алады ... бірақ бұл соңғы рет болуға тиіс",- деп атап көрсетті агенттік төрағасы.

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - армия бас штабының бастығы Мұхтар Алтынбаев өз кезегінде сондай-ақ "Астанада орналасқан ресейлік бөлімшелердің іс-қызметін Қазақстан жағының бақылауына алу" қажет, деп санайды. "Бұл бөлімшенің мақсаты - ғарыш нысандырының ұшырылымдарының салдарын жою, жерге құлаған бөлшектерін сұрыптау және жерді рекультивациялау",- деп түсіндірді М. Алтынбаев. Ол "осыған байланысты олардың іс-қызметін қалайда бақылауға алу керек, себебі олар қаласа істейді, қаламаса - істемейді", деп қосты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны