10.05.2006, 12:31 3126

Қазақстан екі жылда Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутнигін жасап шығаруды көздеп отыр

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан екі жылда Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутнигін жасап шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үстіміздегі жылдың маусым айында Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутникті жасау бағытында Қазақстанмен бірлесе жұмыс істейтін компанияның аты-жөні жария етіледі. Ол екі жылдан кейін жасап шығарылады",- деді бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов.

"Каспий теңізінің елімізге қарасты бөлігінде 3Д сейсмикалық зерттеулерін жүргізу үшін 2 млрд. доллар қажет. Ғарыш бұл істі анағұрлым аз шығынмен іске асыруға мүмкіндік береді",- деді үкімет басшысы.

"Ағымдағы жылдың екінші жартысында-ақ біз Ресейдің немесе АҚШ-тың ғарыштық мүмкіндіктерін пайдаланып тиісті бағдарламалары бар жетекші ғалымдармен тиісті келісімдерге қол қойып, Каспий теңізінің кейбір аса маңызды бөліктерінде тиісті зерттеулерді жүзеге асырамыз",- деді Д.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны