21.01.2009, 17:25 2796

Қазақстан үкімет басшысының тапсырмасымен KazSat-1 жер серігін жоғалтып алу себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды

Қазақстан үкімет басшысының тапсырмасымен KazSat-1 жер серігін жоғалтып алу себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен Қазақстанның KazSat-1 жер серігін жоғалтып алу себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы үкімет басшысы бүгін Қазғарышта өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен KazSat-1 жер серігін жоғалтып алу себептерін зерттейтін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдадым. Жер серігін жоғалтып алуға кінәлі тұлғалар анықталып, жазасын алады. Оқиғадан сабақ алу керек", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Ол сонымен бірге арнаулы комиссияның зерттеу нәтижелері жария етіледі деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны